Қоғамдық ұйымдармен байланыс нығаяды

0
32

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Үш сағатқа созылған шарада мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеті мәселесі талқыланды.
Қазір облыста 120-дан астам үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс істейді. Кездесуде қоғамдағы ма­ңызды мәселелерді ше­шуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту жайы сөз болды. ҮЕҰ өкілдері облыста азаматтық қоғам институтын дамыту мен қолдау бағытында жүргі­зіл­ген шаралар туралы баян­дады. Қоғамдық ұйым­дардың өкілдерін экология, цифрландыру, ұлт­тық құндылықтарды сақ­тау, білім беруді дамыту мәсе­лелері толғандырды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев азаматтық қоғам институты өкілдерінің аймақтың әлеуметтік-эко­номикалық дамуын жақ­сарту жайлы барлық тілектері мен ұсыныстарын тың­дады.
Ашық диалог барысында ҮЕҰ жұмыстарындағы проблемалар, мақсаттар мен келешегі туралы сындарлы сұқбаттасу болды.
Кездесуді қортындылаған аймақ басшысы үкіметтік емес ұйымдардың саны кө­беюімен бірге азамат­тық белсенділік артып келе жатқанын атап айт­ты. Ол өз кезегінде облыс­тың әлеуметтік мәсе­ле­лері­нің шешілуіне оң ықпал етеді. Кездесуді ұйым­дас­тырушылар үкімет­тік емес ұйым өкілдерін жақында құрылған азаматтық орта­лықпен белсенді әрекет­те болуға шақырды. Орта­лық­тың мақсаты – ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар ара­сында өзара байланыс­ты ұйымдастыру, аталған ұйым­дардың жұмыс сапасын арттыру.

Жауап қалдыру