Міндет – бейбітшілік саясатын белсенді жүргізу

0
223

Мемлекет басшысы кеше Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Онда еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәселе қаралды.
Елбасы еліміздің сыртқы саясатын эко­номикалан­ды­­­рудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиім­ді жүзеге асырудың маңыз­дылығына тоқталды.
– Күн тәртібіндегі халық­аралық мәселелерді де ұмыт­пауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Бейбіт Атам­құлов Ел­басыға инвес­ти­ция­лық жо­ба­ларды ілге­рі­лету жұ­мыс­­­та­ры­на жүргі­зілген тал­дау нәти­желері мен ми­нис­тр­ліктің орталық ап­пара­тының қыз­метін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.
Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипло­матиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жө­ні­ндегі жаңа міндет­терге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабыл­данған шаралар туралы баянда­ды.

 

Жауап қалдыру