«Менімен қазақша сөйлес» акциясы басталды

0
48

«Нұр Отан» партиясы «Ме­ні­мен қазақша сөйлес» пар­тия­лық акциясын бас­та­ды. «Шараға партия бас­та­ма­шы болуда. 21 ма­мыр­дан бас­тап акция тура­лы әлеу­мет­тік желілер арқы­лы жа­рия­ла­дық», – деді партия­ның Ор­та­лық аппа­раты бас­пасөз қыз­метінің бас­шы­сы Әлия Бө­рие­ва Қаз­Ақ­па­рат тілші­сі­не.
Партияның әлеуметтік же­лі­лердегі парақшасында руха­ни жаңғыру мемлекеттік тіл мәр­тебесінен басталуы керектігі жазылған. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, насихаттау және қолданыс аясын кеңейту бәрімізге ортақ міндет.
– Бүгіннен бастап күнделікті өмірде отбасымызда бір-бірі­міз­бен, балаларымызбен, айна­ла­мыз­дағы жандармен мүм­кін­ді­гінше қазақша сөй­ле­суге ты­рысайық. Жұмы­сы­мызда, қо­ғам­дық орындарда, кө­лік­тер­де қазақ тілін кеңінен пайда­ла­на­йық. Өзгелердің қа­зақ тіліне мо­йын бұруына, қа­зақ­шасын же­тіл­діруге ықпал ете­йік, – делінген үндеуде.
Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне жағдай тудырып, көмек беруге шақырып отыр.
Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру