Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен жауапкершілік

0
86

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ­тағы мемлекеттік әкімшілік қызметіне жаңадан кел­ген біліктілігін арттыру мақсатында даярлық курстар­дан өтіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерге «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріске Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы мемлекеттік бас­қару ака­демиясының Аты­рау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында оқып жатырған жас мемлекттік қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде 27 жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 15 бөлімнің қызметкерлері қатынасты.
Шарада аймақ басшысы жас мемлекеттік қыз­меткерлерге облыстағы жеті­стіктер мен 2017-2018 жыл­дардағы көп өнімнің өндірілгені туралы айтты. Сонымен қатар, дәріс барысында Нұрлан Ноғаев өзінің жұмыс барысында жинаған тәжірибесімен бөлісті. Аймақ басшысы жиынға қатысып отырған қызметкерлерге, мемлекеттік қызметтің ауыр жұмыс болса да, жауапты қызмет екенін жіті түсіндірді.
– Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкер болу бұл халық пен басшы­лықтың тарапынан бізге білдірген үлкен сенім. Әр азаматтың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастыру әрбір мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей міндетті. Мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік пен кәсіби білімді, адалдылық пен өмірлік ұстанымда белсенді, адамгершілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Ол өз елінің патриоты болу қажет. Өз білімін үнемі жетілдіріп отырып, үнемі ізденісте болуы керек. Мемлекет басшысының жариялаған бұл қағидалары мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге бел байлауға шешім қабылдағандар үшін анық нұсқаулық болуы керек, – дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мем­лекеттік басқару акаде­миясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы Сәуле Құбашеваның айтуынша, облыста Мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Жас кадрлар дайындау мен қайта даярлау Мемлекеттік қызмет академиясының, сондай-ақ Атырау облы­сының әкімдігінің басты міндеті.
– Облыс әкімі біздің бастамамызды қолдап, жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқығаныңызға қуа­ныштымыз. Әрбір жаңадан келген маман жұмыс жо­лының басында жақсы үлгі болар­лық тәлімгерге ие болуы керек. Облыс әкімі мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру тәжіри­бесімен бөлісіп тұрғаны бізді қуантады. Біздер өз жұмы­сымызда тікелей пайдаланылатын өте құнды және пайдалы ақпарат алғанымызға сенімдіміз, – дейді Сәуле Құбашева.
Айта кетейік, ҚР үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызме­тіне алғаш келген мемлекттік қызметшілер қайта даяр­лықтан өту міндетті екенін айтқан болатын. Бүгінгі күні өңірде 42 жаңа мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру мақсатында оқуда.

Асан БЕРДІҚҰЛ

Жауап қалдыру