Мемлекеттік қызмет – электронды форматқа

0
32

Қазақстанда алдағы екі жылда халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Астанада өткен «Мемлекеттің ашықтығы мен есептілігі – жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың негізі» атты сұқбат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.
Оның айтуынша, еліміз­де ашықтық пен ай­қын­дық қағидаттарына не­гізделетін сыбайлас жем­қорлыққа қарсы кү­рестің жаңа моделі қа­лыптасқан.
– Жыл басынан бері ха­лыққа көрсетілетін мем­лекеттік қызметтердің 55 пайызы онлайн-режімге көшірілді. «Жалқы терезе» қағидаты бойынша қызметтердің 23 пайызы көрсетіліп жатыр. Яғни, жал­пы алғанда мемле­кеттік қызметтердің 78 пайызы азаматтар мен мемлекеттік қыз­мет­кер­лердің байланысынсыз көр­сетілуде. Бұл ша­ра­лар аталмыш салада тұрмыстық жем­қор­лықтың деңгейін 3/4 мөлшерге (75 пайызға) дейін азайтуға мүмкіндік берді. Біздің мақсат – алдағы екі жылда мемле­кет­тік қызметтердің 90 па­йызын электронды фор­матқа ауыстыру. Ал қалған қызметтердің 10 па­йызын тек «Жалқы терезе» қағидаты бойынша көрсету деңгейіне жеткізгіміз келеді, – дейді Олжас Бек­тенов.
Агенттік төрағасының орынбасары атап өткен­дей, қазіргі таңда мемлекеттік орган басшы­ларының халық алдында жа­риялы түрде есеп беру тә­жірибесі де өз жемісін беріп жатыр.
Аян БЕКЕНҰЛЫ

Жауап қалдыру