Мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі

0
158

Облыс әкімі Амандық Баталов Тал­дықорған қаласындағы дарынды бала­ларға арналған үш тілде оқытатын № 20 лицейдің оқушылары мен бітіру­шілерін Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.
Оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыс мерзімінің басталуымен мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі.
– Құрметті түлектер! Бүгінгі күн сендер үшін қуанышты да толқынысты сәт. Соңғы қоңыраудың соғылуы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасаған маңызды шақтың уақыты келгенін білдіреді. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, мақсаттарыңды айқындап та қойған боларсыңдар. Сол асыл армандарың мен ізгі мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін. Ең бастысы өздеріңе сенімді, қиындыққа мойымайтын, алға қарыштап қадам жасай алатын елжанды азамат болыңдар. Ата-аналарың мен ұстаздарың сендерге бар тәлім-тәрбиесі мен білімін аямай бойларыңа дарытты. Енді сендерге еліне еңбек етер азамат болар деген үлкен үміт артамыз. Ақ жол болсын, жас түлектер! – деді А. Баталов.
Мектеп бітірушілерін мектеп директоры Салима Мамлеева құттықтады. Лицей президенті Диас Мұхамед пен осы мектептің 5, 10 сынып оқушылары лицейдің қалыптас­қан игі дәстүрлерін сақтауға және құрмет­теуге салтанатты түрде ант етті. Мұнан соң түлектер ұстаздарына алғыс айтып, мектеп вальсін орындады. Жиналғандар Соңғы қоңырауда шертілген әсем әуенмен түлектерді соңғы сабаққа шығарып салды. Түлектердің соңғы сабақтарына облыс әкімі Амандық Баталов та қатысты.
Ескере кетер болсақ, лицейдің түлектері мен оқушылары салтанатты шараға орай әзірлеген бағдарламасы барысында мәнерлеп өлеңдер оқып, әндерін үш тілде нақышына келтіріп орындап, білім ұясында алған сапалы білімдері мен тәрбиесінің деңгейін көрсетті.
Жалпы,  биылғы жылы Алматы облы­сында 14 177 оқушы мектеп бітіреді. «Ал­тын белгі» белгісіне 565, ерекше үлгідегі аттестатқа 366 бітіруші үміткер. Олар­дың 10-ы – үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған № 20 лицейдің оқушы­лары.

Жауап қалдыру