Медициналық сақтандыру – тегін медициналық көмек алуды қамтамасыз етеді

0
23

Қазақстандағы міндетті әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша Ұлт Жоспа­ры – бес институттық реформаны жү­зеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған «Ден­саулық» мемлекеттік бағдар­ла­масы аясында енгізіліп отыр. Сон­дай-ақ, Президент «Мін­детті әлеуметтік медици­налық сақтандыру туралы» Заңына 2015 жылғы 16 қарашада қол қой­­ғаны да белгілі.
Бүгінгі таңда «МӘМС жүйе­сін енгізу туралы» жобаны жүзеге асырудың Жол картасы жасалып, бекітілді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлері мен мүдделі құрылымдар ма-ман­дарынан тұратын жұмыс тобы құрылып, Oxford Policy Mаnаgement пен Дүниежүзілік банктің халықаралық сарап-шылары шақырылды. Ал, 2016 жылдың ортасына қарай Ден­саулық сақтау және әлеумет­тік даму министрлігінің Ме­ди­циналық қызметке ақы төлеу комитетінің базасында Ме­ди­ци­налық сақтандыру әлеу­меттік қоры құрылмақ. Оның ұйым­дастыру-құқықтық пішімі – коммерциялық емес, акцио­нерлік қоғам. Қордың құрыл­тайшысы және жалғыз акцио­нері Қазақстан Үкіметі болмақ
Міндетті медициналық сақ­тандыру жүйесі Қазақстанда 2017 жыл мен 2024 жыл ара­лығында біртіндеп енгізіледі деп көзделуде. ҚР Парламенті Мәжілісінде «Міндетті меди­циналық сақтандыру туралы» заң қабылданған. Заңға сәйкес еліміздің азаматтарына үш түрлі медициналық сақтандырудың үш түрін ұсынады.
Жалпы медициналық сақтан­дыру – халықтың арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ететін жүйе. Оған сәйкес, сақтандыру жарналарын жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударып отырады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Біріншісі – негізгі сақтандыру түрі, бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қыз­­меттер кіреді. Ол Қазақ­станның барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлкет өз міндетіне медициналық қыз­­меттердің мына түрлерін алады: жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеу­меттік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді, және алдын-алу шараларына қатысты екпелерді. Екінші түрі, бұл – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру түрі.
Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақ­тандыру болады деп көз­делуде. Оған, амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханаға жатып емделу, жоғарғы технологиялық көмектер кіреді. Бұл сақтандыру түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін ғана қолжетімді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға 2020 жыл­ға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет санатынан тегін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ, заңға сәйкес азаматтар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады.
Дегенмен, жер-жердегі тұр­ғындармен жүздесуімізде қо­йылған сұрақтардан мынаны түюімізге болады. Оларды мына сауалдар қызықтырды: Сақ­тандыру жүйесі енгізілгеннен кейін қазақстандықтардың өмірі қаншалықты жеңілдей түседі? Қандай науқастық көр­сеткіштермен тегін көмек, ем алуға болады? Айта кету керек, елімізді бірнеше жылдан бері сақтандыру медицинасын енгізуге дайындық ретінде оның көптеген элементтері күнделікті қызмет көрсетуге еніп те кетті (дәрігерді, емдік қызмет көрсететін емхананы қалауынша таңдау, портал арқылы емделушілерге қызмет көрсету, электронды ақпараттық база қалыптастыру, қағазсыз құжаттар алмасу т.б.).
Денсаулық сақтаудың кез-келген қоғамның өмір сүру әрекетіндегі маңызы ерекше, өйткені, көп жағдайда елдің халықаралық алаңдағы бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын адам­дық әлеуетінің дамуы. Бү­гінгі таңда барлық азаматтар бюджеттік қаржының есебінен тегін медициналық көмектің кепілді мөлшерін алады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыскердің денсау­лығын сақтау үдерісіне шарты мен еңбекті қорғауды жақсарту жолы арқылы жұмыс беруішінің өзін де кіргізудің маңызы зор.
Мемлекет медициналық сақ­тандырудағы бюджеттік ақ­­шаны тек тұрғындардың әлеу­меттік осал тобы үшін ғана жұм­сайды – балалар, зейнеткер­лер, жұмыссыздар, т.б. осы топ­қа жатады.
Енді аталмыш жоспар шең­берінде қаржы жинау және оны бөлу жүйесі қалай жұ­мыс істейді деген сауалға келсек, осы мақсат үшін мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыс­кер­лердің жарналары қорда жинақ­талады. Бұдан соң қор бірыңғай ақы төлеуші ретінде медициналық қызмет түрлерін көрсетушілермен келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Сақ­тандыру жүйесі шеңберінде азамат­тарға медициналық кө­мек­тің қазіргі қолданыстағы тегін кепілді қызмет аясында көр­сетілетін медициналық көмек түрлері ешбір кемі­мейді. Сонымен қатар, қосым­ша тартылған қаржылар есе­бінен емдеудің тиімді жү­йе­лері кезеңмен енгізіліп, амбулаторлық деңгейде тегін бері­летін дәрі-дәрмектер көлемі айтарлықтай кеңейеді.
Қабылданған заңға сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын кепілді тегін медициналық қызмет ауқымы – базалық ауқым Қазақ­стан азаматтарының бар­лығына бірдей қолжетімді күйінде қалады. Оған жедел жәрдем, санитарлық авиа­ция, амбулаторлық-емхана­лық (бас­тапқы меди­цина­лық-са­ни­тарлық және кон­сульта­тивті-диагнос­тикалық), әлеуметтік мәні бар аурулар, айналадағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды емдеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе­сімен қамтылмаған азаматтарды емдеу (2020 жылға дейін), шұғыл медициналық көмекті қажет ететін азаматтарға стационарлық деңгейде қызмет көрсету, әлеуметтік мәні бар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін ауруларға шалдық­қанда стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету, профилактикалық екпелер кіреді.
Екінші, міндетті медици­на­лық сақтандыру қоры есебінен көрсетілетін қызмет ауқы­мына мыналар кіреді: ам­бу­латорлық-емханалық көмек (базалық ауқымға кірмейтін жағдайларда), жоспарлы ста­ционарлық көмек, стацио­нарлық емдеуді алмастыратын көмек (базалық ауқымға кірмейтін жағдайларда), жо­ғары технологиялық меди­ци­­налық қызметтер, амбула­тор­лық деңгейде дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз ету. Бұл пакетті пайдалану құқығы Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын және сақтандыру жарнасы төленген азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Медициналық кө­мек­тің қосымша ауқымы Әлеу­меттік-медициналық сақ­тан­дыру қорының есебінен қар­жы­ландырылады. Сонымен бірге міндетті медициналық сақ­тандыру қорына қаржы аудармаған азаматтар базалық ауқымға кірмейтін көмек үшін медициналық мекемеге қолма-қол ақша төлеу арқылы, немесе ерікті сақтандыру қорына қаржы аудару арқылы қызмет алуға құқылы. Ерікті медициналық сақтандыру пакеті азаматтар мен жұмыс берушілердің ерікті аударған жарнасы есебінен тараптардың өзара келісіміне орай жасақталады.

Жауап қалдыру