Мамандар ұстаханасы

0
99

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тарихта түп тамыры бір Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі, жаңа заманның ғылыми және технологиялық жаңалықтарын қазақ жастарына таныстыру, сапа, тәртіп, тәрбие жағынан үлгі болуды көздейді. Жоғары кәсіби білім беру саласындағы уақыт ағымына сай алға қойған міндеттерді табысты шешіп, халықаралық деңгейдегі оқу орны ретінде білім және ғылым саласындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.
Өмірін ғылым мен ұстаздыққа ар­на­ған университет ректоры Сабри Хизметли Париждегі Сорбонна универ­ситетінің магистратурасында және докторантурасында оқып, докторлық диссертация қорғаған. Тунис Респуб­ликасының Бургиба атындағы Заманауи тілдер институтында, Анкара университетінде, Австралия мемлеке­тіндегі Сидней университетінде, Алжир елінің Орган университетінде, т.б. шетелдік жетекші оқу орындарында дәріс оқып, басшылық қызметтер атқарған Сабри Хизметлидің қазақ халқына, қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген С.Хизметли қазақ жас­тары­ның қазақы тәрбиесіне, шы­найы білім алуына ерекше көңіл бөледі.
Ол жиырма жылдан астам уақыт еліміздің білім беру жүйесінде, соның ішінде Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде ұстаздық әрі басшылық қызмет атқарып келеді.
Университет ректоры ҚР Ұлттық Ғылым Аакдемиясының құрметті академигі, доктор, профессор Сабри Хизметлидің тікелей араласуымен 2005 жылдан 2017 жылға дейін 40 млн доллар инвестиция салынды. Яғни Шет тілдер және іскерлік карьера университеті инвестиция әкелу арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына үлкен үлес қосып отыр.
Басшы ретінде оқу орны құрылған 2005 жылдан бері студенттерге әлеу­меттік-экономикалық қолдау көр­се­ту­ге ерекше мән беріп келеді. Жыл са­йын ҰБТ-дан жоғары ұпай жина­ған студенттерге демеушілердің ішкі грант­тарын бөледі, жетім бала­лар­ға, мүгедектерге, көпбалалы және тұр­­мыс жағдайы төмен отбасынан шық­қан студенттерге 5-50 пайыз кө­ле­мін­де жеңілдіктер жасауда.
2017-2018 оқу жылы бойынша 1-курс студенттеріне 53 ректор гранты бөлінсе, 2-3-4-курстарда 200-ден астам студент ректор грантында оқи­ды. Биыл ректор грантында оқи­тын студенттер мен 588 студенттің оқу ақысына жеңілдік ретінде 98 миллион теңге қаражат бөлінді.
Университетте Мәулана халық­аралық білім беру бағдарламасы бо­йынша Моңғолия, Қытай Халық Рес­­публикасы, Ресей, Ауғанстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тә­жік­с­тан, Түркменстан елдерінен кел­ген студенттер білім алуда.
Қазіргі уақытта Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ғы­лым, бі­лім беру салалары бойынша өза­ра ынтымақтастықты дамыту мақ­­сатында ірі мемлекеттердің (Түр­кия, Қытай, Украина, Ресей, Мысыр, АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Гүржістан, Венгрия, Монғолия, Әзірбайжан, Араб елдері, Катар мемлекеті, Қырғызстан) 100-ден астам жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасаған.
Жыл сайын Түркиядан, АҚШ-тан, Ресейден, Қытай Халық Республикасынан, Мысырдан, Пәкістаннан, Әзірбайжаннан, Испаниядан, Венгриядан, Қырғызстаннан шетелдік ға­лым­дар, профессорлар, оқы­тушы­лар академиялық ұтқырлық бағ­дар­ла­ма­сы бойынша дәрістер оқып, тәжі­ри­бе алмасады.
Университет студенттеріне өндіріс­тік тәжірибені таңдау мүмкіндігі бе­рі­леді. Студенттер Түркияда, Қы­тайда, Ресейде, Қырғызстанда, Өз­бек­станда және еліміздің жетекші ұйым­дарында, іргелі фирмаларында тәжірибе алма­сады. Студенттер мен магистрант­тар академиялық ұтқыр­лық бағдар­ламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда Түркия, Қытай, Ресей елдерінен тағылымдамадан өте­ді.
Қазіргі таңдағы бәсекелестіктің өсуі, эко­но­миканың қарқынды дамуы, пос­тин­дустриалдық, ақпараттық қо­ғамға көшу процесі, мәдени әрі эко­но­микалық қатынастардың өзара ауқы­мының кеңеюі, адам капиталы мәнінің артуы, нәтижесінде соң­ғы жылдары жоғары оқу орындары өзінің келбетін өзгертті. Осы жайт­тарды ескере отырып, Шет тілдер және іскерлік карьера универ­ситеті тәуелсіз Қазақстанның жоғары мектебінің құрылуы мен қалып­та­суына, оның әлемдік білім беру, ақ­параттық және мәдени кеңістіктегі интеграциясына өлшеусіз үлес қосуда.
Университет жетекшілігі профес­сор-оқытушылар құрамының ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында Түркияның, Қытайдың, Украинаның, Францияның, АҚШ-тың, Үндістанның, Германияның, Ре­сей­дің, т.б. жетекші жоғары оқу орын­дарына тағылымдамадан өтуі және ғылыми зерттеулерін басылымдардан шығаруы үшін университет тарапы демеушілік жасап отырады. Универ­ситеттің ұйымдастыру-бас­қару құ­рылымы стратегиялық мақ­сат­ты жү­зеге асыру жолында табысты ше­шім­дер жасайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы ілім мен білімінің, әде­биет пен мәдениеттің алтын көпі­ріне айналған Шет тілдер және іскер­лік карьера университетінде Елба­сының халыққа жолдаған Үндеуі мен Жолдауы қызу талқыланып, профессор-оқытушылар құрамы тарапынан үл­кен қолдауға ие болып отыр. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаев айт­қандай, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеруде. Сол өзгерістер ықпалымен қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып ке­леді.
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде 13 шет тілі үйретіліп, бірнеше мамандықтар бойынша ағыл­шын, түрік және көптілді топтар ашылған. Биылғы оқу жылында 1-курс студенттері 1 семестр бойы аптасына 16 сағат ағылшын, 8 сағат түрік тілін оқып үйренуде. Студенттерге шет тілін тереңдетіп үйрету үшін шетелден бірнеше профессор-оқытушы дәріс береді.
Бұл жасалған игі істер Елбасы Н.На­зарбаевтың Жолдауында көр­­сетілген жаһандық бәсекеге қа­білетті, көптілді, сауатты, IT-білімді, ең­­бек нарығына жауап беретін, креативті ойлайтын, ұлтжанды маман тәрбиелеуге бағытталып отыр.

Ұлан Қадырбекұлы,
ХАА академигі,
Гүлназ Бейсенбекова,
п.ғ.к., доцент.

Жауап қалдыру