Мұнайлы астанадағы мереке

0
24

1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні аясында Атырауда көптеген мәдени-көпшілік шаралар өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Негізгі мерекелік шара Сұлтан Бейбарыс алаңын­да бастау алды. Онда аты­раулықтар мен қала қо­нақтары алдында этно­мә­дени бірлестіктердің шы­ғар­машылық ұжымдары өнер көрсетті.

Ұйымдастырылған мерекелік шараларға арнайы келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан халықтары бірлігі күнін атап өтудің маңыздылығына тоқталды.
– Қазір аймақта 17 этно­мәдени бірлестік бар. Әр түрлі ұлт пен дін өкілдері қоғам дамуына үлестерін қосып келеді. Ұзақ жылдар бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз, соның арқасында Қазақстан толерантты ел ретінде әлемге белгілі. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстанның өркендеп, дамуы біздің бәріміздің ортақ мақсатымыз, – деді Нұрлан Ноғаев.

Атыраулықтар мереке аясында Сұлтан Бейбарыс алаңында «Аида Кауменова» мен «Нұр-Шах» сән үйлері киімдерінің көрмесі тамашалап, «Almaly.k» халықаралық балалар фестивалінің салтанатты ашылуына көзайым болды. Сондай-ақ бұл күні Қ.Смағұлов алаңында street workout бойынша Атырау қаласының ашық кубогы сарапқа салынып, кешке мерекелік концерт мұнайлы астана тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айғаным МҰСАХАН

Жауап қалдыру