Ұлттық спорттық ойындар

0
151

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болашақтың айқын жолына бағытталған. Мақалада «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді», – деген жолдар бар. Міне, осы тұрғыда біздің атқаратын және атқарып келе жатқан жұмыс жетерлік. Мәселен, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оның кемелденуіне жағдай жасау керектігі айтылады. Осы міндеттерді жүзеге асыруда спорттық салада да ұлтымыздың айбарын асыратын мәселелер көп.
Дене тəрбиесі мен спорт қоғамдағы белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі ретінде адамдардың рухани қызметінің тарихи нəтижесінде пайда болған жиынтығын құрайды десек қателеспейміз. Жыл сайын түрлі елдерде өткізіліп келе жатқан «Қазіргі қоғамдағы спорт», «Олим­пиадалық спорт жəне бар­шаға арналған спорт» атты əлемдік конгресс жұмыстарында денсаулықты нығайту мен сала­матты өмір салтын қалып­тас­тыруда əлеуметтік жəне ұлт­тық дене тəрбиесі мен спорт саласына үлкен мəн беріледі.
Мұраға қалған төл өнеріміз – ұлттық спорттық ойындар. Бұған дейін де бұл сала өз бағытымен жүріп келеді десек, Елбасының көрсеткен бағдарынан кейін өзінің өміршеңдігін айқындап, қоғамда ауқымы кеңи түсетіні анық. Еліміздегі дене тəрбиесі мен спорттың жаңа жүйесіндегі ұлттық спорт түрлері мен бірлігінің көптүрлілігі, олардың эт­никалық жəне гуманис­тік негіздері прогресшіл си­пат­қа ие. Олардың негізін құ­рай­тын қа­сиеттердің бірі — халық­шыл­ды­ғы, адамзаттың қоғам өмірінде бұрыннан бар ұлттық дəстүрлерді мақ­сатқа сай ары қарай да­мытуды көздейтіндігі. Бұл үде­ріс ұлттық идеямен үздіксіз түрде байланысқандықтан, қарыштап дамуына үлкен үлес қоспақ. Де­мократиялық жəне құқық­тық елдерге тəн ұлттық жəне интернационалдық дəстүрлердің жарасымды түрде кірігуіне сəйкес дене тəрбиесі мен спорт біздің жастарымыздың тек дене ғана емес, рухани тəрбиесін, саламатты өмір салтын қалыптастыратын ең мықты құралына айналып отыр.
Ұлттық спорт түрлерімен шұ­ғылдану саламатты өмір сал­тын қалыптастыруға жəне əр адам мен қоғам үшін тұтас­тай алғанда ұлы құндылық болып табылатын денсаулық нығайтуға ықпал етеді. Спорт адам жеке тұлғасының барлық жағына, соның ішінде адамгершілік пен психикалық саласына, интеллектуалдық пен коммуникативті қабілеттеріне, өз денсаулығы мен бүкіл қоғам денсаулығына деген мəдениетті жəне құндылықты қатынасқа тəрбиелеу арқылы əсер етеді.
Негізгі міндет мынада болып тұр, саламатты өмір сал­тын қалыптастыру əдістерін қол­дану үшін дене тəрбиесі мен спорт­тағы жағдайларды тео­рия­лық тұрғыдан негіздеу мен аша түсу, адамдардың өмірлік қыз­метіне тікелей қолданылатын, сала­матты менталитет қалып­тастыру. Тəрбиенің тұтас жүйе­сінен бөлініп шыққан дене тəрбиесі мен спорт халқымыздың денсаулығы мен саламатты өмір салтының өзара іс-қимылы арқылы ана­ғұрлым жарқын да мазмұнды түрде көрінуі мүмкін.
Соңғы жылдары дене тəрбие­сіндегі халықтық педагогика мəселелері жайлы көп айтылып жүр. Дене тəрбиесінің халықтық тəсілдері жайлы бағдарламалық құжаттарда ол қоғам мəдениетін тəрбиелеудің маңызды бір түрі ретінде қаралуы қажеттілігін атап көрсеткім келеді. Сондықтан да ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар өмір салты төңірегінде топтастырылып, жеке тұлғаның даму деңгейіндегі көрсеткіші болуы тиіс. Бұдан келіп шығатыны ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындар ұлттық мəдениеттің өзіндік элементтері есебінде ғана пай­даланылып қоймай, дене тəр­биесінің қазіргі міндеттерін ше­шудің тəсілі ретінде де пайда­лану қажет.
Ал мақаладағы «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік» деген міндеттер әр азаматтың бой­т­ұ­мары болуы керек деп есеп­­теймін. Қазақстанның әрбір аза­ма­тының кіндігі ауылмен бай­ла­нысты. Осы ретте туған жерге деген ерекше көзқарас таны­­тып, үнемі байланысты үзбеу керек­тігін айтып отыр. Туған ауыл, өскен жеріңе жасаған жақ­сы­лы­ғың туған Отаныңа істеген игі ісің екені анық. Осы арқылы біз­дер патриотизмді қалыптас­тырып, елдің дамуына өз үле­сімізді қоса аламыз. Бұл тұр­ғыда облысымызда ауыз тол­­тырып айтатын істер атқа­рылды. Мы­салы, әркез жүрегі ел деп соққан, жаны жомарт жан­ның бірі Бауыржан Оспанов Жыланды, Лепсі ауылында спорт интернатын ашып, жастардың шыңдалып шығуына жағдай жасап отырса, Сарқан қаласында Е. Қо­жасбаевтар спорттық мек­тепті жөндеуден өткізіп, жас чем­пион­дарға мүмкіндік туғызуда. Үнемі ауылмен байланыс жасап, қолдауын үзбеген азаматтар әлі де талай істі атқаратыны сөзсіз. Міне, Елбасы осындай азаматтарды елге насихаттап, болашақта қатарын көбейтуді және осындай ұлық істі атқаруға сіздің де, менің де атсалысуымызды меңзеп отыр. Бұл біздің басты міндетіміз бен парызымыз болуы керек. Ұлттық сананы жаңғырту арқылы ұлтқа қызмет етеміз.

Тұратбек ШАРАПИЕВ,
Алматы облыстық
дене шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы.

Жауап қалдыру