Ұлттық бірегейлікті сақтау маңызды

0
222

Үстіміздегі жылғы 15 тамызда «Нұр Отан» пар­тиясының Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық фи­лиалында елордалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға негізделген сұқбаттасу алаңы болып өтті. Оның барысы бойынша алдағы атқарылатын істер жан-жақты пысықталды.
Іс-шараға «Нұр Отан» пар­тиясының мүшелері, мем­лекет­тік органдар мен Астана қаласы этномәдени бірлестік­терінің өкілдері, БАҚ қатысты.
Тағылымдық мәні бар жиын­да Астана қалалық мәслихаты­ның депутаты, «Нұр Отан» партиясы ғылыми сарапшылық тобының кураторы З.Г. Жүсіпова қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесінің негізгі түйінін тарқатып айтып берді. Сонымен бірге, «Қырғызстан-Астана» этно­­мә­дени орталығының төра­­ғасы Ш.А. Исмаилов жас­тар­­дың қоғамда алар орнына кеңінен тоқталып, рухани жаң­ғыру мәселесіне қатысты өзіндік пікірін білдірді: «Қазіргі жа­һандану үдерісіне сай өте қарқынды дамып келе жатқан өмір талабына ілесу – біздің әрбірімізге зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан өзіміздің тереңнен тамыр жайған ұлттық тарихи құндылығымызды сақ­тап, бүгінгі заман талабына бе­йіміделе білуіміз керек», – деді ол.
Қазақстанның эволюциялық даму жолында ұлттық бірегей­лікті сақтау өте маңызды рөл ат­қа­рады. Осы жөнінде жинал­ғандар алдында ой бөліс­кен Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының тө­рағасы Ш.А. Пулатов әрбір қазақстандықтың кемел рухани жаңғыруы еліміз бірегейлігінің негізгі тірегі болып саналатынын атады.
Сұқбаттасу алаңына қатысу­шылар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген негізгі басымдықтар туралы ой бөлісіп, ондағы қазақ­стан­дық патриотизмнің құнды­лық­тарына негізделген салт-дәстүрлер мен ұлт бірлігін сақ­тау маңыздылықтарына ерекше тоқталып өтті.
Жалпы тапсырмалар тура­лы өзіндік пікірін білдірген Қа­зақ­стан Республикасы Мем­­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Р. Рахматуллин біздің еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуда этномәдени бірлестіктердің орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ іс-шара барысында елордалық этно­мәдени бірлестіктердің қа­ты­суымен бірге сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы бейнетүсірілімнің көрсе­тілімі болды.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі

Жауап қалдыру