Ұлт саулығын көздеген

0
162

Ұлттың өнуі мен өсуінің, ел татулығының дәнекері, қоғам тірегі, игі істердің жақтаушысы – ізеттілікті бойына жиған нәзік жандар деп бекер айтпаса керек. Иә, әйел затының тек отбасында ғана емес қоғам дамуында да үлкен рөл атқаратынына бүгінгі күніміз дәлел. Өзінің таңдап алған мамандығымен қа­тар саясаттың бір ұшын қо­лына алып, шешімі күр­делі мәселелердің басын қайырып жүрген аяу­лы жандардың еңбегі бір төбе. Сондай жанның бірі – Алматы облыстық мәсли­хатының депутаты, Жамбыл аудандық орталық ауру­ханасының Бас дәрігері Молдақалықова Доғдыргүл Өмірқұлқызы.
Депутаттық мандатымен қатар бүгінде өзінің есіміне лайық алтын қолды дәрігер ретінде қызметін абыроймен атқарып келеді. Төніп келген дертті сылып тастау үшін қаншама тер төгіп, ұйқысыз адам өміріне араша түсетін медицина қызметкерлерінің еңбегі айтпаса да белгілі. Нәзік жан үшін мұндай жауапты салаларда қызмет атқару үлкен мінезді талап ететіні тағы бар. Ал, ұлт саулығы мен халықтың мұң-мұқтажын қатар арқалап жүрген Доғ­дыргүл Өмірқұлқызының бо­­йынан өршіл мінезді де, үлкен жауапкершілікті де байқауымызға болады.
Бүгінде ерінбей еңбек етіп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарауының арқасында Доғдыргүл Өмірқұлқызы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Алғыс хатымен, сондай-ақ, мемлекет тарапынан да лайықты бағасын алып Республикалық кәсі­подақ тарапынан «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» ме­ре­­келік медалімен, «Ша­па­ғат», «Еңбек даңқы» ме­­дальдарымен марапат­талған. Мұнымен қоса, «Ден­­саулық сақтау ісінің үздігі» және Жамбыл ауда­нының Құрметті азаматшасы атақтарына ие болған. Осындай жетістіктерге жетуі – елдің дамуына қосқан үлесі мен денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегінің нәтижесі, бі­ліктілігін белсенділікпен ұш­тастырғандығының жемісі.
Сонымен қатар, саясат сахнасында да лайықты орын алып, Алматы облыс­­тық мәслихатының депу­таты ретінде ер аза­мат­­тармен иық тіресе ай­тулы мәселелердің ше­­шім­де­рін тауып жүр. Мәсе­лен, мүм­кіндігі шектеулі жан­дарға жаңа арба және дәрі-дәрмек секілді ден­саулық қажеттіліктері және тұрмысы төмен от­ба­сы­­лардың балаларына мек­тепке керек құрал-жаб­дықтарын алуға көмек көр­сетсе, сондай-ақ, қоғам­дағы өзекті мәселе­лердің бірі – баспана бойынша кө­мек сұрап келген­дерге барынша қолұшын созып, халқының алғысын алды.
Мұнымен қоса әр мейрам сайын аудандағы ардагерлерді, көпбалалы отбасыларды, зейнеткерлерді азық-түлік, дәрі-дәрмектермен қам­тамасыз етті. Ендеше, ақ халатты абзал жан, сон­дай-ақ, игі істердің бас­таушысы ретінде жастар­ға үлгі болып жүрген Доғ­дыр­гүл Өмірқұлқызын құрметке әбден лайық тұлға деп айт­сақ артық емес. Өзі бас­қарып отырған аудандық орта­лық аурухананың әр науқасының қал-жағдайын білуді күнделікті әдетіне ай­налдырған. Бұл абзал жан­ның өз мамандығына деген жауапкершілігімен қатар, адамгершілік қасиетінің биік екендігін көрсетеді. Сапалы жұмысымен халықтың алғыс-сауабына ие болған Доғдыргүл Өмірқұлқызының ел үшін ерінбей еңбек етуі – жастарға үлгі. Олай болса, алдағы бастау алатын әрбір жұмыстарынан да үлкен нә­тиже күтуімізге болады.

Асан БЕРДІҚҰЛ

Жауап қалдыру