Ұлт руханиятын қалыптастыру жолында

0
11

Ұлт руханиятының ауқымы кең, мазмұны терең. Ұлтымызды ХХІ ғасыр биігіне көтеретін де осындай шынайы құндылық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сында барша қазақстандықтар сияқты Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің ұжымы да нысаналы жұмыстар атқарып отыр.. Ұстаздар қауымы ұлттық бірегейлікті нығайта отырып, сабақ беру жүйесін жаңғыртуға тырысып келеді. Мақсат білімге құштарлықты қалыптастыру.
Алматы мемлекеттік политех­никалық колледжінде Елбасы бағдарламасын кеңінен насихаттау мақса­тында арнайы онк­үндік жарияланды. Онда кол­­ледждің үздік оқыту­шылары тың әдістемелелердің көмегімен ашық сабақ берді. Мұның зор әсері алғашқы алғашқы қадам­дардан-ақ байқалды.
Колледж тарихы әріден басталады. 1940 жылы КСРО Оқу министрлігінің ұйғарымымен киноиндустрия үшін мамандар даярлайтын оы кинотехникум ашылған болатын. 77 жылдық тарихы бар ордалы оқу орны бұл кезеңде өсу мен қалыптасудың айтулы жолынан өтті. Мыңдаған түлектерді қанаттандырды. Оқу орны бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардан шет қалып жүрген жоқ. Елімізде өткен ЭКСПО көрмесінің тақырыбы­мен ұштас­­тыра алынған «Жа­ңартыл­малы энергия көздері» тақы­рыбындағы зерттеу дәрісі соның бір дәлелі. Дәріс әр баланың жеке қабілетіне қарай интел­лектуалдық дамуын, тұлғалық қабілеті мен дарынын, бейімділіктерін дамытуды көздейді.
Сабақ барысында электрорадиомонтаждау тәжірибесі бойынша студенттер дәнекерлеу үрдісі барысындағы қажет бі­ліммен қаруланғандықтарын дәлелдеді. ЭКСПО көрмесінің қызықты деректерін де ұсын­ды. Табиғи байлықтарды қол­дану бүгіннің еншісінде, ал «Жарқын болашақ – жасыл энергетикада» деген ұранмен РЭС2А тобының студенттері белсенді түрде энергияның ба­ламалы жолдарын оқып-үй­ренумен қатар, өздерінің де тың идеяларымен бөлісті. Ернұр Мұхтарханов «Үшінші буынды биоотын» тақырыбы аясында балдырлардан энергия өндіру жолдарын қарастырса, Бейбарыс Әшірхан «Наноматериал – графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панельдер» тақырыбы аясында зерттеу жүргізіп, күн энергиясымен іске қосылған макеттерін таныс­тырды. Бұл жұмыс 3 тілде жүргізілді.
Зерттеу сабағында оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсіл­дерін аса жоғары талғаммен қол­­данып, студенттер алған бі­лім­­дерін келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі, тез бейімделе алуы арқылы функ­ционалдық сауаттылыққа қол жеткізуі үшін тиімді пайдалану жолын көрсетті. Еліміздің мәр­тебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. «Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – депті Платон бір сөзінде. Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу арқылы жасампаздық қабілеттің артуына баршамыз үлес қосуымыз керек деп санаймын.

Әсем ДҮЙСЕНБАЕВА,
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі
Киноиндустрия, механика және экономика
кафедрасының арнайы пән оқытушысы

Жауап қалдыру