Үлкен Алматы көлі тартылып барады

0
57

Алматы тұрғындары мен қонақтары Үлкен Алматы көлінің суы тарты­лып бара жатқанына алаңдаулы. Табиғаттың тосын құбылысын ҚР АШМ трансшекаралық өзендер департаменті директоры Игорь Коваль ҚазАқпарат тілшісіне түсін­дірді.
– Проблема бар. Бұл тау жүйесінің жалпы проблемасы. Соңғы 30-40 жылда дүниежүзінің барлық тау жүйелерінде мұздықтар қоры 30%-ға азайған. Бұл мәселе Іле Алатауы мен Талғар тауына да жетті. Бұл – обьективті фактор. Себебі, бізде мұздықтар ұзақ жылдар бойы зерттеліп келеді, – дейді Игорь Коваль.
Айта кету керек, осының алдында Алматы ма­ңындағы хостел иелері мен қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары Үлкен Алматы көлінің туристерге қолжетімділігін талқылаған болатын.

Жауап қалдыру