Әкім жұмысына оң баға берілді

0
245

Алматы облыстық мәс­ли­хаттың депутаттары облыс әкімі Амандық Бата­ловтың жұмысына қана­ғаттанарлық деген баға берді. Бұл туралы об­лыстық мәслихаттың XXI сес­сиясында белгілі бол­ды, – деп хабарлайды об­лыс­тық әкімдіктің ресми сай­ты.
Күн тәртібіндегі басты сұрақ – облыс әкімінің облыстық мәслихат депуттарының алдын­да өткен 7 айда атқарылған жұ­мыстардың қорытындысы бо­йынша есеп беруі болды.
Облыс әкімі Амандық Бата­лов­тың сөзіне сүйенер болсақ, жер­гілікті атқарушы органдар­дың есеп беру кезеңіндегі жұ­мысы негізінен Мемлекет бас­шысының тапсырмалары мен белгіленген межеге жеткізетін мақсаттық индикаторларды орындауға бағытталды. Ат­қарылған жұмыстардың нә­тижесінде облыстың 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады. Негізгі салалар бойынша көрсет­кіш­тердің жақсаруына байланысты экономиканың өсімі 2 пайыз жылдық болжаммен салыс­тырғанда 2,8 пайызды құрады. Атап айтар болсақ, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,3%-ға өсіп, 396 млрд теңгеге жетті. 32 жаңа кәсіпорынды іске қосу мен жұмыс жасап тұрған өндіріс орындарын кеңейтудің арқасында қосымша 867 жұмыс орны ашылды. Индустриаланды­ру кар­тасы бойынша бұ­ған дейін іске асырылған 51 жобаның 43-і өзінің жоспарлы қуатына шықты. Қазіргі уақытта қалған кәсіпорындарды толық қуатына жеткізу бағытында жұ­мыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, өңір басшысы Ұлт жоспарының 55-56 қадамдарын іске асыру аясында облысқа 7 трансұлттық компания тартылды. Осы жобаларды іске асыру арқылы өңірімізге 160 млрд теңге инвестиция тартылып, қосымша 2 000 жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы ағымдағы жылдың 7 айында облысқа 205,9 млрд теңге инвестиция тар­тыл­ды. «Нұрлы жол» және «Нұр­лы жер» бағдарламаларын іске асыру сондай-ақ, өнеркәсіп, агро­өнер­кәсіптік кешен, газдан­дыру, энергетика салалары бойынша бірнеше жобаны жүзеге асы­рудың нәтижесінде жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 537 млрд теңгеге артады деп күтілуде.
Осыдан кейін өңір басшысы А. Баталов ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, туризм, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, тұр­ғын үй құрылысы, газдандыру және өзге де маңызды салалар мен бағыттар бойынша жетістіктерді атап өтті.
Баяндама барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жү­зеге асыру және осы бағдар­лама негізінде іске асырылып жатқан жобаларға үлкен көңіл бөлінді.
Облыс әкімінің баяндамасын тыңдап болғаннан кейін, депутаттар жарыссөзге көшті. Сөз сөйлеп, пікір білдірген­дер қатарын­да облыстық мәсли­хаттың депутаттары Ермек Келемсейіт, Рахат Ыбрайымова және Жанкелді Осан болды.
Жарыссөздің қорытындысы бойынша депутаттар бір ауыздан облыс әкімінің өткен мерзім аралығында атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Кәусар ИМАНЖАН

Жауап қалдыру