Көптілді оқыту бағытындағы бірегей білім ошағы

0
121

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау, білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру, интеллектуалды ұлтты жасақтау тұрғысындағы отандық жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Оған оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкес­тіндіру, республиканың білім беру жүйесіндегі интег­рациялық үдерісті терең­дету, халықаралық кәсіби бірлестіктер желісін қалыптастыру жолындағы талмай еңбектенудің арқасында қол жетуде.
Бүгінгі заманауи білім беру кеңістігіндегі университеттің орны мен рөлін ҚР-ның көп­векторлы халықаралық сая­сатын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды дайындауда тікелей атсалысуынан көруге болады. Бұны елдің дипломатиялық корпусы бірнеше шетел тілін меңгерген және мәмілегерлік технологиясымен қаруланған мамандарын толықтыру тұрғысынан бағалауға болады. Тәуелсіз Қа­зақ­стан дипломатиясының 25 жыл тарихында біздің университеттен түлеп ұшқан маман­дардың үлес салмағын ауыз толтырып айтуға болады.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жә­не әлем тілдері университетін, сонымен бірге еліміздің «көп­тілдік» стратегиясын іске асыру ордасының бірегейі деп айта аламыз. Бүгінгі «рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзе­ге асырудағы бастамалар универсиеттің мемлекеттік сая­сат­қа қосқан зор үлесі бол­мақ.
Осы позициядан келгенде біздің университетіміздің бұл бағытта атқарған қызметі зор. Бүгінгі кезеңде сыннан сүрін­бей өту, толағай табыс­тарға жету, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, зайырлы интеллектуалды мемлекет мәртебесін сақтау, үздік ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйретуді университет басты шарт деп санайды. Мемлекеттік саясатты іске асыруда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, оның басшысы филология ғылымдарының докторы, Қ.Ғ.А.-ның академигі Құнанбаева Сәлима Сағи­қызының атқарып жатқан қызметі орасан зор.
Біздің университеттік білім беру моделі үш тұғырлы тіл жобасына сәйкес инновациялық тұрғыда өзгертілді. Мұнда жаңа модел: «білім – ғылым – өндіріс» формуласына негізделген. Осы тұста біздің университетте вертикальды және горизонтальды академиялық мобильділік бағдарламасы өте жақсы жолға қойылған. Мысалы бүгінгі таңда университет 120-ға жуық шетелдік жоғары оқу орындарымен осы жоба бойынша байланысты іске асыруда.
Мұндағы айқындаушы фак­торының бірі –  елдің білім беру саласындағы инновациялық үдеріс, екіншіден, Қазақтан Республикасының әлеу­меттік-экономикалық даму­ының басым міндеттерінің ритмінде болуы. Осының бәрі сайып келгенде мемлекетіміздің саясатының аясында жүр­гізілген іс-шара бо­латынын университет жете түсінеді және ұжым әркез қолдап отырады.
Сондықтан, Абылай хан атын­дағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бүгін дематериалдық, ғы­лыми-әдістемелік базасы ны­­ғайған, шетелдік әріп­тес­тер­­мен халықаралық ынты­­мақ­­­­тас­тық байланысы жү­йе­лі ор­ныққан, шет тілін мық­ты игерген кадрларды даярлау мен студент жастарды тәр­бие­леуге барлық мүмкіндігі бар рес­пуб­ликамыздың бірегей жоғары оқу орны.

Дәулетбек РАЕВ,
Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ
халықаралық қатынастар факультетінің деканы,
ф. ғ.д., профессор.

Жауап қалдыру