Іскерлік байланыс нығая бермек

0
10

Сәрсенбіде Алматы облысының орталығы Талдықор­ған қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген «Көрме кешенінде» «Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы» атты үкіметтік емес ұйымдарының форумы өткізілді.
Оған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, облыстық мемлекеттік мекемелердің, аудан­дық, қалалық ішкі сая­сат бөлім­дерінің басшылары, облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың же­текшілері мен бұқаралық ақ­парат құралдары­ның өкілдері қатысты.
Бүгінгі күні Алматы облысында 388 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, мемлекеттік тілді насихаттау, этносаралық келісімді сақтау, білім беру, әлеуметтік, жастар саясаты салаларында, экологиялық мәселелер, әс­кери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гендерлік теңдік, азаматтардың құқықтарын қорғау, мәдени, демографиялық, мүгедектердің жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Соның нәтижесінде соңғы он жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны үш есе көбейіп отыр.
Қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыстың көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар ықпалды шешімдер қабылданды. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптерін кеңейту бағытында облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, дін және жастар саясаты жөніндегі басқармалары, сондай-ақ, аудандық және қалалық әкімдіктері белсенді жұмыс атқаруда. Азаматтық қоғам институттарының жә­не жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын, сонымен қатар әлеуметтік жаңғырту процестеріне үкі­меттік емес секторды тарту жұмыстары бойынша ұйым­дастыру шаралары жүзеге асырылуда.
Форум жұмысын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров жүргізді.
Басқосуда Алматы облы­сының 2017 жылы жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар көрмесінде тиімді әлеуметтік жобалардың нәтиже­лері, әлеуметтік кәсіпкер­лер­дің қоғамдық бастамалар мен ұсыныстары және ҮЕҰ қызметі туралы деректі фильм көрсетілді. Одан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және қоғамдық келісім министрі Н. Ермекбаевтың форум қатысушыларына арнаған құттықтау хаты оқылды.
Алқалы жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Демократиялық даму жолын таңдаған әрбір мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде үкі­меттік емес ұйымдардың маңы­зы зор. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда азаматтық қоғам институттары қалыптасып, дамып келеді. Олар көптеген бас­тамаларды іске асырып, маңызды мәселелерді шешуге атсалысып жүр. Үкіметтік емес ұйымдар жұмысының сапасы артып, белсенділігі жоғарылаған сайын еліміздің демократиялық бағыты айқын көріне түспек. Сондықтан мұн­дай басқосулар үкіметтік емес ұйымдардың өзара тәжірибе алмасып, байланысын ны­ғайтуына, жұмыстарының ба­ғыт-бағдарын айқындауға жәр­демдеседі деп ойлаймын, – деді өңір басшысы жиналғандар алдында.
Шара барысында «2017 жылғы әлеуметтік үздік жобалар» аталымы бойынша жеңімпаздарға 100 мың көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Форум аясында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өткізіліп, меморандумға қол қойылды.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ
«Президент және Халық».

Талдықорған қаласы

Жауап қалдыру