Инновациялық тәсілдер – білім саласында

0
94

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында адам капиталы сапасын арттыруға, білім беру саласын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес дамытуға ерекше мән береді. Осы мақсатта Атырау облысының білім беру жүйесінде нысаналы жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыста білім беруді цифр­лан­дыруды жүзеге асы­ру үшін Жол картасы жа­сақ­талып, со­ған сәйкес жұмыстар атқа­рылуда. Бүгінгі күні 193 мектептің 172-сі (89,1%) кең жолақты интернет желісіне қосылған. Қала және аудан орталықтарында орна­ласқан мектептердің 98 па­йызында, ауылдық жерде орналасқан мектептердің 78 пайызында ғаламтор қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 19 мектепті интернет желісіне қосу жоспарлануда.

«Цифрлық Қазақстан» мем­лекеттік бағдарла­ма­сын іске асыру шең­берінде облыста мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру, оқушы­ларды мектепке қабыл­дауды автоматтандыру, элект­ронды журналдар мен күнделік енгізу, мектептерді цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары жұмысын автоматтандыру сияқты бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда.
Облыс бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту 93,9 пайызды құрайды. «Мек­тепке дейінгі балала­р ұйым­дарына кезектілікті қалып­тастыру мен оның қыз­метін және жолдамаларды беру және оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыру» жұмыстарына 170 млн теңге қаржы бөлінген. Ол үшін «Ханали 2013» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Бүгінде облыстың 163 мектепке дейінгі білім беру ұйымында және 182 мектепте автоматтандыру жұ­мыс­тарына дайындық жұ­мыс­тары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация­лар министрлігіне «Электронды үкіметтің» өңірлік шлюзі ақпараттық жүйесінің сыртқы модулінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бойынша бағдарламалық қам­тамасыз етуге сипаттама талаптары келісуге жолданды.
Балабақшаларға жолдама беруді автоматтандыру кезектілікті тез шешуге мүм­кіндік береді, ашық­тықты қамтамасыз етеді және сыбайлас жем­қор­лық­қа тәуе­келділік мәсе­лерін жояды.
«Күнделік» электронды жур­налдар ақпараттық жү­йе­сіне 176 мектеп қосылған. Оқушылар мен ата-аналар оқушы үлгерімі мен үй тапсырмасымен онлайн түр­де таныса алады. Оқу­шы­лардың сабаққа қаты­сын, үлгерімін ата-аналар тарапынан электронды бақылануы бойынша облыста алға басушылық бар. Бүгінгі күні жүйеде 9 856 мұғалім, 10 826 оқушы, 5 325 ата-ана тіркелген. Жүйеде ата-аналарға және оқушыларға арналған мобильдік қосымшалар жұмыс жасайды. «Күнделік» элек­тронды журналдар ақпа­раттық жүйесіне қосылу нәтижесінде сабақтан себепсіз қалу 75 пайызға азайса, білім сапасы 17 пайызға артты.
Облыстың 191 мектебі «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылғандығын да атап өткен жөн. «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсы арқылы 110 361 рет мұғалімдер интерактивті сабақтарды қолданған.
Цифрлық білім ресурстарын қолдану нәтижесінде ауыл мектептері мен қала мек­тептері оқушыларының білім сапасы алшақтығын азай­туға мүмкіндік жасалды және мұғалімдердің әдіс­темелік даярлығы жетілдіруге бағытталған қашықтықтан өтетін курстарды ұйым­дастыру арқылы бюджет қаражаты үнемделеді.
Үстіміздегі жылы облыста IT орталық және 10 IT сынып ашу жоспарланып отыр. Оқушылардың логикалық ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында облыстың 176 мектебіне робототехника кабинеттері алынып жүйелі жұмыс жасауда.
Арнаулы оқу ордаларында да кең жолақты интернет желісіне қосылу дұрыс жолға қойылған. Айталық, өңірдегі 25 колледждің 23-нде ғаламтор желісі жұмыс жасайды. Бір техникалық және кәсіптік білім беру ұйы­­мын «Platonus College» авто­маттандырылған элек­­тронды жүйеге қосу жос­парланған. 22 колледжді қосу үшін жергілікті бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлінді. Техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының «Platonus College» авто­мат­тандырылған электронды жүйесіне қосылуы сту­дент­терді оқу орнына қабыл­­дау, оқу үдерісін авто­мат­тандыруға, ата-ана бақылауын жүйелі жол­ға қоюға, студентер мен мұға­лім қызметіне мониторинг жүр­гізуге мүмкіндік береді.
Облыс бойынша білім беру жүйесін цифрландыруға ба­ғыт­талған жұмыстар қоры­тындысына тоқталар болсақ, цифрлы білім беру ресурстарын пайдалану нәтижесінде білім сапасы 72%-ға дейін өсті әрі оқу­шылардың сабақ­тан қалуы 75%-ға қыс­қарды. Ауыл мектептері мен қала мектеп­терінің білім сапа­сының алшақтығы 30 пайызға дейін азайды.
Электронды журналды ен­гізу нәтижесінде бюджет қаражаты 10 пайызға үнем­делді. Балабақшаға жол­дама беруді автоматтан­дыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дер үлесінің 10 пайызға азай­ғаны байқалып отыр. Мұғалімдерге қашық­тықтан өтетін курстарды ұйым­дастыру арқылы бюджет қаражатын 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жетсе, электронды құжат айналымның арқасында мұғалімдер уа­қыты 40 пайызға үнем­делген. Оқушылардың IT тех­нологияға қол жетімділігі мен бағдарламалаудың база­лық дағдыларын игеруге мол мүмкіндік туып отыр.

ҚайырғалиКЕНЖЕҒАЛИЕВ,
Атырау облысы
Білім беру басқармасының басшысы

Жауап қалдыру