Индустрияландыру экономикалық өсімге бастайды

0
23

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарында «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайту, күрделі кезеңнен сенімді өту міндеттері қойылған болатын.
Ұлт жоспарына Инсти­туцио­налдық рефор­маның үшінші жүйесі «Индустрияландыру жә­не экономикалық өсім» деп аталып, өз ретінде 50 нақ­ты қадамнан түзілген. Бұл рефор­малар ел дамуының басты тетігі – экономикаға байланысты ең өзекті мәселелер тізбегін құрайды. Атап айтқанда, 35-қа­дамда: «Ауылшаруа­шылығы жер­лерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да Заң актілеріне өз­герістер енгізу» мәселесі көтерілген. Кең әрі бай жерімізді, оның ішінде халықтың дастар­ханына көл-көсір өнім әкелетін ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, оларды нарықтық айналымға енгізу – бүгінгі күннің басты мәселесі екендігі даусыз. Бұл мәселеде әлі де шешілмеген түйіндердің бар екендігі рас. Соларды бол­дырмас үшін Жер кодексіне және басқа да Заң актілеріне өзгеріс­тердің енгізілуін халық­тың құптайтындығы анық.
Осы тараудың 39-қадамында: «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аума­ғына кірген кезеңнен бас­тап оны сатқанға дейін бақы­лауға алынады» делінген. Бұл да экономикалық өсімге игі әсер ететін шара. Кеден және салық жүйелерінің жұмысына бұл қадамның да оң өзгеріс әкелері сөзсіз. Сондай-ақ, құрылыс, электр энергетикасы, жол-көлік инфрақұрылымы, өндірістік инновациялар ен­гізу, оларды қаржыландыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, еңбек қатынастарын ырықтандыру, жаңа Еңбек кодексін әзірлеуге қа­тысты қадамдардың да кө­теріп тұрған жүктері сал­мақ­ты.
Индустрияландыру мен ин­новацияларды дамытудың не­гізгі тетігі саясат пен биз­нес­тің байланысуында жатқа­ны белгілі. Қазақстан сырт­қы заемдар нарығындағы ахуал­ға сындарлы баға бере оты­рып, Қазақстанның толық­­қанды индустриялды-инно­ва­­­циялық мемлекетке ай­на­­луы үшін инвестициялар тар­туға, бү­тіндей алғанда елде ғана емес, сонымен бірге өңір­лер бойынша да үздік инвес­ти­циялық ахуал туғызуға қа­лыптасқан жүйелі жұмыс­тар­дың ғана көмегін тигізе ала­тынын көп сарап­шы­лар ес­кер­теді.
Инвестициялық «омбудс­­мен» түрінде қызмет істейтін ше­тел инвестициялары жөнін­дегі комиссия құру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралуда. Оның басты міндеті – мем­лекеттік қызметшілердің өз жұмыстарына деген көзқарас­тарын түбірінен өзгерту. Яғни, істеген ісіне инновациялық тұрғыдан қарау. Мемлекеттік қызметшінің инвесторға қа­тысты «тәртіп сақшысы» емес екенін түсінудің маңызы зор. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің де қызметтерінің белсенділіктерін арттыра түсу қажет. Бұл орайда үкіме­таралық комиссияның әр мүшесі – елші, министр, әкім, ұлт­тық холдингтер мен компа­ния­лар басшылары үшін шетел инвестицияларын тартудың мақ­сатты көрсеткіштерін анықтау ұсынылады. Басқаша айтқанда, мұның өзі жыл ішінде ол салаға немесе өңірге нақтылы қанша инвестиция тартуы тиіс екендігі жөніндегі өзіндік бір жоспар іспетті болмақ. Сондай-ақ әрбір әкім­дікте Индустрия және жаңа технологиялар министр­лі­гі­мен үйлесімді түрде шетел инвес­торларымен жұмыс жө­ніндегі өңірлік офис қыз­метін атқаратын құры­лымдық бөлімшелер де болуы керек. Соңғы жыл­дары шағын және орта бизнеске салықтық ауырт­па­лықтар дәйекті түрде төмен­детілуде, әкімшілік ке­дер­гілер қысқартылуда.
Бірақ біз Еуразиялық эконо­ми­­калық одақтың құрылуына бай­ланысты біздің еліміз бен жекелеген өңірлер арасында саламатты бәсекелес­тіктің кү­шейе түсетінін де түсінуге тиіспіз. Ол дегеніңіз, біздің іскерлік ахуалдың тартым­дылығын әрбір критерийлер бо­йынша тек­серіп, неғұрлым опера­тивті, икем­ді, бейтарап, тіпті креа­тивті болуымыз керек­тігін білдіреді.
Аталмыш нақты қадам ең үлкен жүйе ретінде қоғамның негізі болып саналатын эко­но­микаға оның даму бағы­тын белгілейтін индуст­рия­­лан­дыруға бағыт­талған.
Бұл блокта әлі күнге дейін өз шешімін таппаған эко­но­миканың түрлі салаларын­дағы мәселелер бойынша нақты қадамдар белгіленген. Әсі­ресе, назар аударылған іс-шаралар: салық салу жұмыс­тарын жетілдіру, кеден сая­­сатын оңтайландыру, аза­мат­тардың кіріс және шығы­сын жариялауды кезең-кезеңі­мен енгізу, өндіріс сала­ларын­дағы мемлекеттік моно­полия­лардан бірте-бірте бас тарту, экономиканың басым сек­торындағы халық­аралық бір­лескен кәсіпорындары құ­ру әлемнің негізгі қаржы орта­­лықтарымен арақаты­насты дамыту және Астана халық­аралық қаржы орталы­ғын құру, ет өндірісі мен өңдеуге стра­тегиялық инвесторларды тарту және т.б.
Бір сөзбен айтқанда, әлемнің ең дамыған отыз елінің қа­тарына қосылу үшін елімізде жаңа индустрияландыру мен экономикалық өсімнің қар­қы­ны жоғары деңгейде болуы шарт. Елбасы ұсынған нақты қадамдар бізді осыған бастайды және де ол баршаның көкірегіне үміт отын ұялатады. Сондықтан 100 қадам жүктеген міндеттерді жүзеге асыру – ел экономикасын өрге сүйремек.

А.БИХАНОВА,
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
салық басқармасының мәжбүрлеп
өндіру бөлімінің бас маманы

Жауап қалдыру