Гуманитарлық білімнің маңызы жоғары

0
288

Жыл сайын Ғылым қызметкерлері күні жоғары оқу орындарында ғылыми бағыттағы жұмыстар сараланып, нәтижелері қорытындыланып, келе­шек­ке бағдар анықталады. Осы орайда Х.Досмұха­ме­дов атындағы Атырау мемлекеттік университетін­де арнайы ғылым апталығын ұйымдастыру дәстүр­ге айналды. Былтырғы жылы Ғылым күнінде Мемлекет басшысы еліміздің дамуына жаңаша серпін берген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялаған еді. Осы мақалада гуманитарлық білім мәселесіне аса жоғары мән беріп. «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бо­йынша студенттерге толыққанды білім беруге қа­жетті жағдайды жасауға тиіспіз» деп атап өткен болатын.
Қазақстан әлемдік қауым­дастықтың бір бөлігі, тари­хымыз адамзат тарихының, әлемдік даму жолы­ның құ­рам­дас бөлшегі. Әлемдегі тарихи процесті ұғыну тарихи танымды қалыптастыруға әсер етеді. Атырау университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының ұйым­дастыруымен «Дүниежүзі тарихын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми семинар кафедра жанындағы тұрақты ғылыми семинардың кезекті мәжілісі кеңейтілген сипатта өтіп, оған Атырау қаласы жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні оқытушылары қатысты.
Іс-шара жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарында дүниежүзілік тарихты оқытудың өзекті мә­селелері бойынша тарихшы оқы­тушылар арасында диа­логтық алаң құру, әлемдік және отандық тарихтың өзара сабақтастығы мен ерекше­ліктері жайында теориялық, әдіс­намалық, әдіст­емелік тұр­ғыда өзара пікір алмасу мақ­сатында ұйым­дас­ты­рыл­ды.
Ғылыми семинар бары­сын­да дүниежүзі тарихын оқы­тудың жаңартылған білім бағдар­ламасы негізіндегі әдіс­тері мен тәсілдері мектеп мұ­ғалім­дері мен ЖОО про­фес­сорлары қатысуымен анық­талып, талқыланды, әлемдік тарихтың өзекті мәсе­ле­лерін мектеп курсында оқы­ту бойынша ұсыныстар, зама­науи көзқарастар мен пікірлер таныстырылды.
«Дүниежүзі тарихын оқыту­дағы ғылыми көзқарас» та­қырыбында т.ғ.к., асс.проф., Жұмазия Жұмабаева сөз сөйлеп, қазіргі кездегі әлемдік тарихқа көзқарас, жаһандану кезіндегі тарихи мәселелер, теориялық методологиялық мәселелер жайына тоқталды.
Тарих ғылымдарының док­торы Лесқали Бердіғожин мектеп оқушыларына ғылыми жобаларға тақырыптар ұсы­ну жайындағы өз ойларын ортаға салды. Жалпы кафедра ұстаздары мектеп тарих­шыларымен бірлесе оқушылардың ғылыми жобаларын бірлесе қарастырады. Биылғы жылдың өзінде Атырау қаласындағы №30 дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мәнет Өтепқалиева мен тарих ғы­лым­дарының кандидаты Гул­файруз Қайырғалиеваның өзара шығармашылық байланысы негізінде орындалған жұмыстың республикалық са­йыста жүлделі орын алға­нын атап өтуге болады.
Ғылыми семинарда мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибелері барысында өткізген жаһан тарихы сабақтарындағы жаңа бағдарлама бойынша жасақ­талған сабақтарын ұсынып, сабақтары талданып, теория­лық, әдіснамалық, әдіс­темелік тұрғыда өзара пікір алмасты.
Жастарды ғылымға бейім­деу және гумнитарлық бі­лім­ді дамытуда дәстүрлі кон­фе­ренциялар да септі­гін тигізуде. Ғылым апта­лығы кезінде өткен «Жас­тар және ғылым» атты дәс­түрлі студенттер мен магистрант­тардың конфе­ренциясы жас зерт­теушілердің ғылыми және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды және ын­талы жастар үшін тиімді ком­муникативтік алаң құру мақ­­сатында ұйымдас­ты­­рыл­ды.
Конференция барысында жас­тар өзара ғылыми-шы­ғар­машылық байланыс ор­на­ту, ізденіс бағыттары бо­­­йын­ша идеялары мен жо­­ба­ларды ұсыну дағды­ла­рын қалыптастырып, үлкен аудиторияларда таныс­ты­ры­лымдар өткізу, сөйлеу мә­де­ниетін шыңдауды үй­рен­ді.
Университеттің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафед­расының ұйым­дасты­руымен өткен конференцияға тарих маман­дығының студенттері мен магистранттары қатысты.
«Ғылым және жастар» та­қыры­бындағы конферен­цияны кіріспе сөзбен ашқан тарих ғылымдарының док­торы Лесқали Бердіғожин Мемлекет басшысының «Ру­хани жаңғыру» бағдар­ла­малық мақаласын жүзе­ге асыру мақсатында жастар­дың ғылыми ізденістерге ден қоюын және тың тақы­рып­тарға мән беруін атап өтті.
Конференция барысында тарих мамандығының ма­гист­­рант­тары Аслан Жани­бековтың «С.Қондыбай: қа­зақ мифологиясына сына қағушы», Самал Орақованың «Материалы источников по военному искусству кочев­ников Центральной Азии в позднесредневековый пе­риод», Айкүміс Тұрар­беко­ва­ның Қазақстанда алғаш­қы оқу орындарының бой көтеруі (1920-1940), Са­мал Молдашеваның «Қазақстан­ның этномәдени бір­лес­тік­тері көп этностық аза­маттық қоғам дамуының фак­торы», Саяжан Мара­тованың «Қазақстан мен Түр­кия арасындағы қоғам­дық-саяси және мәде­ни бай­ланыс тарихы (Тәуел­сіз­дік жылдарында)», 1-курс сту­денттері Ақбота Асано­ваның «Өлкетанушы – Мұрат Бек­тенов», 2-курс студенттері Ер­лан Баймағамбетовтің «Жүздердің зерттелуі» және Ырысгүл Серікбайқызының «Қазақ қоғамындағы батыр­лар орны: Әлия Нұрма­ха­мед­қызы Молдағұлова» тақы­ры­­бындағы баянда­малары мазмұн­дылығымен ерек­шеленді.
Сондаяқ осы күні «Атамекен» тарихшылар клубының кезекті мәжілісі өтіп, жас­тардың ғылыми іздену­шілік жұмысын ұйымдастыру, өлке тарихының ақтаңдақ бет­терін зерттеуге үлес қосу жайында пікір алмасу өтті. Факультеттің белсенді жастары Рашид Самат, Айзада Алменова, клуб президенті Жүніс Байғалиев, Райымгүл Жалғасова, Еркебұлан Мутигуллин жастардың тарихи ұстанымды қалыптастыруда атқарылар жұмыстарға қа­тыс­ты өз пікірлерімен бө­ліс­ті.

Жігер САКЕНОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
тарих магистрі.

Жауап қалдыру