Грант көмегімен тәтті өндірісі өркендеді

0
137

Қазір кондитерлік өнімдер мен тәттілер шығару – аса табысты бизнес. Мұны Степняк қаласының кәсіпкері Фарит Хадиев өз ісімен дәлелдеп отыр.
Айтуынша, кәсіпкерге кондитерлік өнімдер шығарумен айналысу идеясы – кәсіби кондитер, үйде отырып-ақ тапсырыспен түрлі тәттілер пісіретін анасы арқасында келген.
2014 жылы «Фаворит Голд» ЖШС – жаңа кәсіпорын ашты. Өз қаражаттары есебінен кондитерлік цехты кеңейтуге ескі ғимарат сатып алып, көп­теген кедергілерден өтті. Со­нымен қатар компания өз қа­ра­жаты есебінен кәсіпорынға германдық кондитер-технологты шақыртты. Шетелдік маман бір ай ішінде оларға тәт­ті өн­дірісінің құпияларын үй­рет­ті.
Жалпы Хадиевтар отбасының кондитер ісінде қажырлы еңбектен бөлек, мемлекет қолдауынсыз табысқа жетпес еді. Фарит «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының гранттық қаржыландыру ком­по­нентін пайдалануды ұй­ғарып, өтінім береді. Жобасы ма­құл­данып, 3 млн.теңге грант қара­жаты есебінен кәсіпкер ғи­маратты қайта жөндеп, нау­бай­ханалық жабдық сатып ал­ды.
Соңғы жылдары бұл шағын цех бүгінде қасында дәмханасы бар кондитерлік орталыққа айналды. Кәспіорында 4 адам жұмыс істейді, кейін тағы 4 маман алу жоспарда бар. Цехта тәулігіне 25-30 кг тәтті өнімдер пісіріледі.
Қазір Фарит жаңа нарыққа шығуға қадам жасап, көрші Макинск қаласындағы жәрмең­келерге өнімдерін апарып са­тады. Сатып алушыларға үне­мі әр түрлі тәтті-дәмділерін ұсынатын кәсіпкер, өз ассортиментін көбейту үшін келешекте заманауи импорттық жаб­дық сатып алсам дейді.
«Фа­ворит Голд» ЖШС өнім­дері­нің сөреде көп тұрмай, сұ­ранысқа ие болу себебі, Фарит Хадиевтың пікірінше, өндіріс техно­логия­сының нақты сақ­талуы мен жоғары сапалы шикізаттарды пайдаланудан.

Жауап қалдыру