Газет – өмір айнасы

0
201

Елбасының өңірлерді дамыту жөніндегі бастамаларына сәйкес соңғы жылдары аймақтарда оны іске асыруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Солардың ішінде республикамыздағы ең жас қалалардың бірі – Қапшағайдағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері көңіл қуантады.
Елбасының жер жәннаты – Жетісудың табиғи мүмкін­діктерін пайдалана отырып, туризмді дамыту жөніндегі тап­сырмаларына сәйкес, Қап­шағай қаласында су туризмін өркендету жолындағы кешенді шаралардың өзі аймақтың экономикасын кө­теруге зор ықпалын тигізетін болады. Биылғы жылдың өзінде іргелес жатқан Алматы қаласынан демалу үшін ағылғандардың саны ұлғая түскен. Тіпті, сенбі, жексенбі күндері екі қала арасындағы автокөліктер қа­тынайтын күре жолдың өзі­нен жол тауып жүрудің өзі қиынға соғатыны жасырын емес.
Қала әкімдігінің тікелей ық­палымен тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыс-жағдайын жақсарту мақсатында ал­ғаш­қылардың бірі болып, Қап­шағай қаласына көгілдір газ құбыры тартылды. Иә, газ әуресі аз отын түрі. Адам қолын ұзартып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бірден-бір жақсы жағдай жасайтын жағымды дүние.
Сонымен бірге, қапшағай­лықтардың шағын және ор­та бизнеспен айналысуына бар­лық мүмкіндіктер жасалуда. Қаланы абаттан­дыру, көркейту және көріктен­діру жұмыстары нәтижелі жүргі­зілуде. Көп қабатты тұрғын үй алаңдарын жаң­ғырту жұмыс­тары сапалы атқа­рылуда.
Тек, қала деген аты болмаса, бұл өңірде ауылшаруашылығы да уақыт талабына сай дамып келеді. Қала аумағына қарасты Заречный, Шеңгелді ауылдық округтерінде мал, егін және бау-бақша өнімдерін өсіруге ерекше көңіл бөлінуде. Демек, теңіз төрінде орын тепкен Қапшағай күн санап құлпырып келеді.
Соның бір айғағы ретінде өзім көзіммен көрген жайтты айтайын. Әдетте, жергілікті жердің жаңалығы мен жетістіктерін ең бірінші жұртшылыққа жеткізуге құлшынып, зор шабытпен жамыра жазатын аудандық, қалалық газеттердің редакция­лары газет қызметкерлерінің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдайсыз, ескі, күтімі шамалы ғимараттарды паналайтын. Соған қарап, аймақ басшылары «төртінші билік өкілдері» деп айдар таққан, «арқалағаны алтын, жегендері жантақ» болып жүрген журналистерді төртінші емес, «Тоғызыншы орынға тоғытқан ба?» деген ой жиі мазалайтын.
Жуырда жолым түсіп, Қапша­ғай қаласына баруға тура келді. Орайын тауып, қала­лық «Нұрлы өлке» газетінің редакциясына бас сұқтым.
Міне, керемет! Жаңадан са­лынған екі қабатты ғима­раттың екінші қабатына сол аймақтың тарихы мен әлеу­меттік-экономикалық дамуын насихаттайтын «Нұрлы өл­ке» газетінің редакциясы ор­на­ласқан екен. Мұнтаздай таза, жа­рық әрі кең бөлмелерде газет қызметкерлері отыр. Жи­һаз­­дары да жап-жаңа жар­қы­рап тұр. Техникалық жа­ғы да жет­кілікті. Қандай ке­ліс­ті көрі­ніс!
Бұл – қала әкімі Талғат Қайнарбековтың жергілікті баспасөзге деген құрметі, көр­сеткен зор қамқорлығы екенін баса айтқан жөн. Сол шағын ғана газеттің ондаған, жүздеген жылдар өтсе де, келешегі кемел әсем қаланың тарихын қойнына сақтайтын асыл мұра екендігін бағалағаны, қалалықтардың рухани кемелденуіне жасаған перзенттік парызы, азаматтық ісі. Мұны «Қала әкімінің қапша­ғай­лықтардың болашағына жасаған сәтті қадамы» деп бағалаған орынды. «Өмірі бір күндік, сөзі мың күндік» газеттің аймақтың айнасы екендігіне өзгелердің де көзін жеткізгендігі. Әрине, көңіл қуантарлық жарасымды жағдай.
Қалалық «Нұрлы өлке» газетінің бас редакторы, жуырда ғана «Қазақ журналис­тикасының қайраткері» атағын иеленген Алтынбай Сиқым­бек қала басшылығы тара­пынан жасалып отырған қол­дау, қам­қорлыққа дән риза қа­лыппен көлемділеу бөлмені көрсетіп:
«Алдағы уақытта осы бөл­мені қазіргі уақыт талбына сәйкес безендіріп, газеттің арнайы музейін жасауды жоспарлап отырмыз. Себебі, қаланың алғашқы бой көтергеннен бергі 48 жылдағы өсіп-өркендеу кезеңдері туралы мақалалар газет бетінде көп жазылды ғой. Қапшағайдың экономикасы мен мәдениеті, еңбек адамдары туралы деректерді де газеттен табуға болады. Жаңа ғимаратқа көшкенде еңсеміз бір көтеріліп қалды. Қала әкіміне рақмет!», – деді қуанышын жасыра алмай.
Иә, көзбен көріп, көңілге түйген өнегелі іске риза болған біздер де соңғы кездері әрбір сәтті қадамдарымен жұрт­шы­лықты сүйсіндіріп жүрген қала басшылығына деген риза көңілімізді білдірдік. Қашанда газет – өмір айнасы! Іске сәт!

Ғалым Жазылбеков.
«P&H»
Алматы облысы
Қапшағай қаласы

Жауап қалдыру