«Fly Arystan» билеттері қанша болады?

0
336

Парламент Мәжілісінде арзан әуе тасымал­даушылардың қызметіне қатысты заңнамаға түзету енгізу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының арзан әуе тасымалдаушыларын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы қазіргі уақытта әуе көлігіндегі тегін багажды және қол багажын пайдалануға бай­ланысты өзгерістерді қарас­тырып жатыр. Сондай-ақ, Мәжілісте «Қазақстан Рес­­­публикасының көлік мә­се­­лелері бойынша заңна­ма­­лық құжаттарына өзге­ріс­­тер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы аясында балалар билетін са­­тып алуда жеңілдіктер ұсы­ну тетіктері қа­ралуда» – делінген Аза­маттық авиация коми­тетінің хабарламасында.
Бұл түзетулер «Air Astana» әуе компаниясының ұсынысы бойынша жұмыс тобының жобасын талқылау кезінде көтерілген.
«Қазіргі уақытта заңнама­ларды қайта қараудың түрлі нұсқалары талқыланып, ха­лық­аралық тәжірибелер легі зерттеліп жатыр. Құрылып жатқан «Fly Arystan» арзан тасымалдаушысында билеттің құны – 20 келіге дейінгі багажсыз, тамақсыз және тегін багажсыз жоғарыда аталған билеттің орташа құнынан 2-2,5 есе төмен болады. Сонымен бірге, бұл рейстерде қол жүгін алып жүру тегін болмақ» – делінген хабарламада.

Аян БЕКЕНҰЛЫ

Жауап қалдыру