Фермерлерге кредит алу жеңілдейді

0
22

«ҚазАгроКепіл» АҚ несие алу үшін кепілдік мүлкі же­­тіспеген фермерлерге көмек көрсетпек. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАгроКепіл» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Аграршылар үшін қолайлы жол, яғни несиелерді кепілдендіру бағыты жұмысын бастады. 2016 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен нәти­желі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдар­ламасы бекітілген болатын.
«ҚазАгроКепіл» АҚ бағдар­лама­ның екінші бағыты бойынша, атап айтқанда, несиелер мен шағын несиелерді кепілдендіру жұмысына атсалысады. Көптеген шаруалардың несие алу кезінде кепілге қоятын мүлкі жетіспей жатады. Кепілдік мүліктің төменгі бағасы несие алуға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан мемлекет осы мәселе бойынша – «кепілдік алу» жолын әзірледі, – дейді Қайрат Мақаев.
Демек, несие алғысы келген шаруаға кепілдік бере отырып, «ҚазАгроКепіл» АҚ несие алушымен бірге қарыздың қайтарылуына жауапты болмақ.
Кепілдік алу қызметінің тиімділігі турасында «Қаз­АгроКепіл» АҚ басқарма төраға­­сының орынбасары Қаз­бек Иманқұлов кеңірек айтып берді. Оның айтуынша, кепілдік алу жүйесі бойынша 18 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Сонымен бірге, компания жаңадан кәсіп бастап жатқан кәсіпкердің алған несиесінің 85 пайызына дейін кепілдендіре алады.

Жауап қалдыру