Еріктілерге жігер берген

0
123

Талдықорған қаласындағы жастар орталығын­да жаңа форматтағы «Жетісу еріктілері» слеті өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 400-ден астам ерікті қатысқан. Жиын, «Дос.kz» әлеуметтік-еріктілер орталығы, Қазақстан «Ұлттық еріктілер желісі» серіктестігімен, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйым­дастырылған. Онда жалпы облыстың колледж, ЖОО-ры студенттерімен мектеп оқушылары да келген.
Шара жастар орталығы­ның директоры Жандос Бай­қамитовтың ақ тілегімен ашылды.
– Біздің келешегіміз жас­тардың қолында! Еріктілер қозғалысы – студенттердi әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отан сүйгiштiкке, лидерлiк сапаларға, өзара қол­дау мен түсінушілікті қам­та­ма­сыз етеді. Бүгін біз­дің об­лысымызда ерікті­лер қа­тарында – 3782 адам тір­келіп тұр, әр аудан, қа­ла­мызда еріктілер қоз­ға­лысының күннен күнге саны артып барады.
Ерік­ті­лердің қоғамда орны ерек­ше, өйткені еріктілер жа­саған жақсылықтары үшін өтемақы немесе мате­риал­дық қажеттілік талап етпейді, бірақ оның орнына алғыс алып, жақсылыққа кенеледі. Ерікті жастардың мерейі тасып, еңбектері жемісті болсын деймін! – деді орталық директоры.
Ауыл және қала жастарын еріктілік қызметіне үйрету, оның мән-мағы­насын те­реңінен түсіндіру мақса­тында жасалған шараға волентертік сала­сының майталманы болып саналатын 9 спикер шақырылған. Олар­дың қатарында «Этно Во­лентерлік қызметі» неміс орталығынан Еременко Евгения, «Жаңғыру жолы» РМҚК өңірлік штабының төрағасы Руфина Усанова, «Жеңіс жобасының» во­лон­тері Мақсат Кенешев, «Мерейлі Жетісу» Қо­­ғам­дық қорынан Мария­м Нигмеджанова, Алматы волонтерлер лигасы­нан Ай­сұлу Кубенова, кә­сіпкер, «Асар автово­лонтер­лері­­­нің» өкілі Елдос Бая­лыш­баев, «Rina.kz» ерік­ті іздеу қозғалысының үй­лес­ті­ру­шісі Ирина Мордосова, «Зоово­лонтер» Ирина Омлеченко, «Парыз» волонтерлік жобасынан Аслан Көбентаев бар.
«Дос.kz» әлеуметтік – ерік­тілер орталығының же­­тек­ші маманы Алия Ша­гиах­меттің айтуынша, во­лентерлікке қызығушы әр жас­қа жеке-жеке көңіл бө­лінген.
– Мен бүгін ерекше тол­қыныс үстіндемін. «Неге де­сеңіз» біз негізі 250 адам­дай болады деп күткенбіз, бірақ 400-ден аса жас қа­тысып отыр. Және бір спикерден орта есеппен 45 ерікті сабақ алуда. Бұл үлкен қуаныш. Демек, біздің облыста жақсылық жасауға ұмтылатын жастар көп, – дейді ол.
Сондай-ақ слетке келген қызығушыларға бағдар­ла­ма әзірленіп, арнайы нөмір таратылған. Осы арқылы ауыл жастары бір-бірімен танысып, ой алмасып, әрі қарай етене араласып кетуге жағдай жасалған.
– Жақсылық жасау – оңай. Бірақ дұрыс және орынды жақсылық жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Біз осы жерде нақты бағыт алып, және қандай жолдармен көмек көрсетуге болатынын біліп жатырмыз. Мен әрі қарай осындай игі жолды жалғастырғым келеді, – дейді слетке қа­тысушы студент Сабина Олжаби.
Шара соңында облыс­тағы еріктілер қозғалысы ұйым­дастырған байқау же­ңімпаздары анықталды. «Ең үздік ерікті жобасы» на­минациясында Талдық­ор­ған қаласының «Дорого домой» зооволонтерлік құрамы жеңіске жетсе, «Ең үздік еріктілер тобы» номинациясы Сарқант ауданының «Парыз» волентерлік тобына бұйырды. Ал «Ең үздік ерікті» атағын Көксу ауданының тумасы Ару Мұхаметкерім ұтып алды.
Мұндай іс-шаралар жастарды жақсыдан үйренуге, жаманан жиренуге шақы­рады.
Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жауап қалдыру