«Елтаным» қалалық байқауы

0
87

15 қарашада Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университеті базасында дін қызметкерлері арасында «Елтаным» қалалық байқауы өткізіледі.

Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі ислам дінімен астаса өрілгені баршаға белгілі. Әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни дін тұлғалардың еңбектері көпшілікке насихатталады.

Имандылық тәрбиесі – өркениетті ел болуға ұмтылған бүгінгі қазақ елінің алдындағы ең өзекті, ең негізгі мәселелердің бірі. Ал жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту аға буынның бірден-бір парызы болмақ. Сондықтан Құранның аяттарын, Пайғамбарымыздың хадистерін, данышпан ақын-жазушылардың имандылық, адамгершілік туралы даналық сөздерін негізге ала отырып, жастарға ислам дінінің беріктігі, салт-дәстүрдің дінмен байланысы туралы айтып отыру қажет.

Осы байқауды өткізу арқылы ұлттық құндылықтардың сақталуына, оларды жастардың бойына сіңіруге атсалысылмақ. Байқау барысында қазақтың салт-дәстүрлерін, ырым-тыйымдарын жетік білетін діни қызметкерлерге моральдық және қаржылай  қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектері көпшілікке насихатталады.

Байқау 3 кезең бойынша өткізіледі:

  1. Экрандағы жасырылған ұяшықтан ашылатын сұраққа жауап беру арқылы қатысушының ұлттық салт-дәстүр мен ислам діні қағидаттарының үндестігіне қатысты білімін бағалау ;
  2. Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін білу деңгейін бағалау;
  3. Белгілі бір жағдаятқа байланысты уағыз айту кезінде қатысушы тілінің әдеби нормаға сай тазалығын бағалау.

 

Назым АҚЫМЖАНОВА

Жауап қалдыру