Ел тыныштығы шекара тыныштығына тәуелді

0
59

Бүгінгідей алмағайып заманда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелер міндет айрықша маңызды. Мемлекет мүддесіне қарсы жасалған қылмыстың жолын кесу – олардың кәсіби парызы. Ел тұтастығын, мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін, саяси тұрақтылығын қадағалау үшін құрылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тамыры тым тереңде жатыр. ВЧК–ОГПУ–НКВД–МГБ–КГБ аталып келген мекеме Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Елбасының Жарлығымен 1992 жылдың 13-шілдесінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Қазіргі ҰҚК – өзіндік жауынгерлік дәстүрі қалыптасқан, еліміздің саяси, экономикалық ахуалын қадағалайтын, жалпы, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құзіретті мекеме. Жыл сайын 13-шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Осы оқиғаға байланысты төменде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділманов мырзаның «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұқбаты негізінде әзірленген материалды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Дархан ДІЛМАНОВ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры

Биыл еліміз Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерекесін атап өтпек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерзімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бел­гілеп, оны көр­шілес мемле­кеттердің басшыларымен ха­лықаралық келісімдер ар­қылы бекітіп алуға барлық күш-жігерін салды. Осыған байланысты бүгінгі таңда шекарамыз бо­йынша делимитация, демаркация үдерістері қолға алынды. Бұл ретте Елбасының «Ел тыныштығы – мемлекеттік шекараның тыныш­ты­ғына тікелей тәуелді», деген сөзі қазақстандық шекарашыларға зор жауапкершілік жүктеп, шека­ра қызметінің тәуелсіз мемлекет да­муын­дағы өмірлік маңызын тереңдете түседі.
Енді делимитация және де­мар­­кация мәселесіне келе­тін бол­­сақ, Қазақстан Рес­пуб­­ли­ка­сы­ның құр­лықтағы Мем­лекеттік ше­­ка­расының ұзақтығы 13 380 ша­қы­рымды құрайды. Ресей Федера­циясымен арадағы шек­арамыз делимитация қоры­тындысы бо­йынша – 7548 ша­қырым. Қазіргі күнге дейін барлығы 3000 шекара бағанасы орнатылды. Сонау 2009 жылы басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қа­зіргі уақытта, демаркациялық жұ­мыстар таулы, ну орманды өңірге жақын­дап қалды. Мұндай рельеф де­маркациялық үдеріске өз кедергісін тигізгелі тұр. Осыған байланысты жұмыс қарқыны кішкене баяулап, қосымша мате­риалдық, қаржылық шы­ғындарды қажет ететіндігі сөз­сіз. Дегенмен, бұл мәселелер шешімін тауып, белгіленген міндеттер нақты орындалады деген ойдамыз.
Қырғыз Республикасымен ара­­дағы шекараның жайына тоқ­тал­сақ, демар­кацияланған ше­кара сызығының ұзы­н­дығы 1257 ша­қырымды құрайды. Шек­ара сызы­ғының ұзына бойына 533 шекара бағанасы орнатылды. Да­лалық демар­кациялық жұ­мыстар 2008 жылдың екінші жар­тысынан бастап жүйелі түрде жүргізілді.
Ал Түрікменстанмен ара­дағы демар­кацияланған шек­ара сы­зығы 459 шақырымды құ­райды. Бұл бағыт бойынша барлығы 178 шекара ба­ғаны орнатылды. Тағдыр табыс­тырған тағы бір көршіміз – Өзбекстан Респуб­ликасымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындылары бо­йынша 2351 шақырым. Қазіргі уақытта шекараның өн бойына 776 шекара бағанасы қойылды.
Қытай Халық Республи­касы­мен арадағы шекарамыздың жө­ні бө­лек. Ол негізінен бұрын­нан-ақ қа­лып­тасқан шекара деуге болады. Де­маркациялық жұ­мыс­­тардың қо­рытындысы бойынша оның ұзындығы 1783 шақы­рымды құрайды. Демар­кация туралы хаттамаға 2002 жылы қол қойылды. Осыған сәйкес 346 шекара бағанасы орнатылды.
Қысқаша айтқанда, делимитация және демаркация үдерістері бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыс ауқымы осындай. Жоғарыда аталған жұмыстар бойын­ша әлі де бірлескен комиссиялар жұмыс істеп, қажетті бекіту құжаттарын дайындайтын болады.
Енді шекарамызды күзету мә­селесіне тоқтала кетейін. Бұл ретте ерекше атап өтетін мәселе, 2013 жылы «Қа­зақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес оннан ас­там заңнамалық және нор­мативтік-құқықтық ак­тілерді дайындадық. Мем­лекет басшы­сының ті­келей бас­тама­сымен Шекара қыз­метін да­мытудың жә­не Қа­зақстан Рес­публикасының Мемлекеттік шекарасын жайғас­тырудың 2020 жылға дейінгі кешенді жос­­па­ры бе­кітілді. О­сы құ­жат­тардың бар­лығы да ше­к­а­ра­мыз­ды күзету мәселесін ны­ғайтуға, оның сапасын арттыруға бағытталып отыр.
Елбасының тікелей қол­дауы арқасында жыл сайын Ше­к­ара қызметіне қомақты қар­жы бө­лініп, заманауи ма­те­риалдық-техникалық базамен жаб­дық­та­луда. Бүгінгі заман талабына сай қажетті инфра­құрылымдар бой көтеруде.
Тек өткен жылдың өзін­де арнаулы тех­ника­лық құралдармен жаб­дықталған жаңа үлгідегі екі жүзден астам автокөлік алынды. Олардың ішінде жол таң­дамайтын көліктер, ауа райының қолайсыздығына бейім­­­делген арнаулы көліктер шека­ра­шыларымыздың таптырмас се­рігіне айналды. Жағалау күзеті үшін мыңнан астам шам­шырақ, про­жекторлы стансалар сатып алынды. Қазіргі кезде шекара күзетін әскери ұшақтар және тікұшақтарсыз көзге елестету мүмкін емес. Каспий теңізін және ондағы биоресурстарды қорғап, браконьерліктің жолын кесу үшін «Айбар» жобасындағы шекара кемелері іске қосылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пуб­ли­касы­ның шекарас­ы жо­ғары әскери-техни­калық та­лап­тарға сай жабдықталған ірі қорғаныс құры­лымы болып табылады. Шек­ара күзетінде жаңа техника мен озық технология толық көрініс тапқан. Шекара қыз­метінің қару-жарағын, техникасын өткен жылы Же­ңістің 70 жылдығына арналған Ас­та­на­дағы әскери шеру барысында көптеген адам тамашалады.
Сонымен қатар, шекара кү­зетінде қыз­меттік жануарлар да кеңінен пайдаланылады. Оның ішінде аттар мен иттердің жөні бөлек. Аттар тау мен тастың арасындағы шекара сызығын бақылауда таптырмайтын көлік екен­дігі ертеден-ақ белгілі. Ал шекара бұзушыны іздестіруде, есірткі заттарын анықтауда шекарашы сарбаздар қызметтік иісшіл иттердің көмегіне жүгінеді.
Инженерлік инфрақұрылым­дар­мен қам­тамасыз ету мақса­тында да көптеген жұмыс­тар атқарылуда. Шекара қызметінің инженерлік бөлімшелері биылғы жылдың өзінде сегіз жүз шақы­рымға жуық қоршаулы және бөгетті шарбақтар орнатты, ор қазды. Сондай-ақ, шекара жолдары, бақылау мұнаралары, ұшып-қону алаңқайлары, шекара катерлері үшін айлақтар, қалқымалы көпірлер салынды. Жалпы, шек­ара күзеті деген ұғым кешенді шаралармен ерек­шеленеді, асқан жауапкершілік пен шынайы патриоттықты қажет етеді.
Сондай-ақ Кеден одағы жағ­дайында мем­лекеттік шек­араны күзетудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ке­ден одағы көлемінде тәуел­сіз Қазақстанның белді де бе­делді орны бар. Өткен жы­лы Ке­ден одағына Қырғыз Рес­пуб­ликасы мүше болып енді. Соған байланысты, 2015 жыл­дың 12-тамызынан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы бақы­лау-өткізу бекеттерінде ке­дендік ре­сімдеу доғарылды. Бір­неше бақылау-өткізу бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр. Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік шекарасын қорғау ұлттық заңдылық тұр­ғысында ат­қа­рылып келеді. Сондықтан, бақылау процедуралары шека­ралық бақылау аясында сақта­латын болады.
Шекаралық бақылау дегеніміз заң талаптарын сақтайтын аза­мат­тар үшін ешқандай да әкім­шілік кедергі болып табылмайды. Қайта керісінше, олардың тыныштығын қорғайтын, елдегі тұрақтылықты сақтауға ба­ғытталған қадам екендігі сөзсіз. Оның ішінде, заңсыз көші-қон, есірткі трафигі, қару-жарақ контрабандасы және радикалды идеологияны тартушылардың жолын кесіп, сыртқы қатерлерге тосқауыл қояды. Әрине, шек­ара бойындағы бақылау-өткізу бекеттерінде сапалы қызмет көрсету үшін қолдан келген іс-шаралардың барлығы қолда­нылуда. Сондықтан, айтар­лықтай қиын­дықтар мен кедергілер жоқ.
Қазіргідей алмағайып заманда шека­раның мығым болғаны әрине, жақсы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, Қазақстан шекарасы достықтың шекарасы болып табы­лады. Шекара қызметінің барлық іс-қимылы шекара туралы заңнамаларда толығымен ай­қындалған. Қазір­гідей ин­тег­ра­циялық үдерістер жүріп жатқан кезде ше­кара дегеніміз ниеті дұрыс адамдар үшін ешқандай кедергі болмауы керек. Оның сыртында, сауда-экономикалық қарым-қаты­нас­тар, мәдени байланыстар үшін бар­лық жағдай жасалынған. Сол үшін мемлекеттік шекараның өн бойындағы 98 бақылау-өткізу бекет­тері азаматтарды шекарадан бақы­лап өткізу, бақылап енгізу үшін қалтқысыз қызмет атқарып тұр.
Шекаралық бақылау 2013 жыл­ғы 16-қаңтардағы «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Мемлекеттік ше­карасы туралы» Қазақстан Рес­публикасының заңымен бел­гілен­ген. Осы заңның 23-бабына сәйкес өткізу пункт­терінде шека­ралық бақылау көлік құралдары, жүктер және тауар­ларға қатысты жүр­гізіледі. Оның ішінде, мемле­кет­тік шекараны кесіп өту заң­ды­лы­ғын анықтау, мемлекетке кіру және шығу бойынша шектеуі бар тұл­ғаларды анықтау шекара ар­қылы көлік құралдарының, жүктер мен тауарларды тасымал­даудың заңдылығын сақтау секілді тағы да басқа мәселелерге басты көңіл аударылады.
Бақылау-өткізу бе­кет­­терін­дегі жолаушы-жүк тасы­малының айналымы соңғы 6 жылдың ішінде екі есеге дейін артты. Мы­салы, еліміздің оңтүстігінде ор­на­ласқан «Қордай» бақылау-өткізу бекеті арқылы орта есеппен алғанда, жылына 6 миллионнан астам адам, 500 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Елі­міздің солтүстігінде орна­ласқан «Қайрақ» бақылау-өткізу бекеті арқылы жылына 2 миллионға жуық адам, 600 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Ба­тыстағы «Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы жылына бір жарым миллионға дейін адам, 500 мыңға дейін көлік құралдары өткізіледі. Міне, Кеден одағы жағдайындағы шекаралық бақы­лау-өткізу бекеттері, ондағы ше­ка­рашыларымыз өздерінің осын­дай қомақты жұмыстарымен мақ­тана алады.
Күн-түн қатып қасиетті шекарамызды күзету, ел-жұрттың тыныштығын қам­тамасыз ету қазақстандық ше­кара­шы­­лардың әскери-жауынгерлік әзірлігіне тікелей тәуелді. Шекара шебінде демалыс деген болмайды. Ауа райының қо­лайсыздығына қара­мастан, тәулік бойы мемлекеттік шекара шекарашылардың қырағы назарында болады. Тек өткен жылы шекара шебінде құқық бұзған 21409 адам ұс­талды. Олардың ішінде, мем­лекет­тік шекараны немесе ше­­кара режімін бұзушылар, бақы­лау-өткізу бекеттерінің режі­мін, теңіздер мен өзендердегі аумақ­т­ық суға шығу ережелерін бұзу­шылар көптеп кездеседі.
Осы мерзімде тоғыз жүзге жуық кон­трабандалық іс-қимылдың жолы кесілді. Оның ішінде жарияланбаған 1 миллионнан астам АҚШ доллары, 3 миллионнан астам Ресей рублі, 19 миллионнан астам теңге анықталды. 102 тоннадан астам металл, 67 тоннадан астам халық тұтынатын тауар­лар, 80 келіден астам зергерлік заттар ұсталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының бір бөлігі Каспий теңізі арқылы өтетіндігі белгілі. Теңіздегі шекараны күзету­мен қатар қазақ­стандық шекарашылар Каспий бассейніндегі биоресурстарды талан-тараждан сақтап қалуға да өздерінің үлестерін қосып келеді. Жыл сайын қазақстандық теңіз шекарашылары Каспий те­ңізінде өткізілетін бірлескен ха­лықаралық арнайы іс-шара­ларға қатысып, онда шекара бұзу­шыларды, браконьер­лерді құрықтап, олардан тонна­лаған бекіре және бекіре тұқымдас балық­тарды, мыңдаған шақы­рымға жететін балық аулайтын ау, басқа да құралдарды тәркілеуде.
Ше­каралық қауіпсіздік қызметі көрші елдермен әріптестік бай­ла­ныстарды дамытуға мүд­делі. Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына кіретін барлық мемле­кеттердің шекара ведомстволарымен байланысымыз жақсы жолға қойылған. Бұл бойынша тұрақты жұмыстар атқарылып келеді. Осыдан жарты жыл бұрын Астана қаласында ТМД-ға мүше-мемлекеттердің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 74-мәжілісі болып өтті. Оған ТМД-ның 9 мем­лекетінен шекара әскерлерінің бас­шылары қатысты. Онда өзара тығыз қарым-қатынасты арттыру, шекаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, лаңкестік қауіптің алдын алуға қатысты бірлескен шаралар қабылдау, заңсыз көші-қон, есірткі, қару-жарақ тасымалының халықаралық арнасына шекарада тосқауыл қою мәселелері кеңі­нен талқыланды. Биылғы жы­лы атқарылған жұ­мыс­тар тал­қыланып, келесі жылы атқа­рылар жұмыстар талдан­ды. Мәжілістің күн тәртібіне барлығы 12 мәселе қойылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабыл­данды.
Біздің шекарашылар қыз­метінде Отан қорғауды әкеден балаға мирас етіп келе жатқан әулеттер тәжірибесі де аз емес. Осы­лайша, ұрпақтар сабақ­тастығы дегеніміз ешуақытта үзілген емес. Шекарашыларымыз қайда жүрсе де Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Жақында ғана Жар­кент қаласында Ауғанстанда ин­тернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлік үлгісін көр­сетіп, құрбан болған бір топ шекарашыларға арналған ескерт­кіш ашылды. Ауған жерінде ерлік үлгісін көрсетіп қаза тапқан Раджан Батырханов атындағы шекара заставасы да (Қазақстан – Қытай шекарасы) жас шекарашы-сарбаздарды батырлық пен патриот­тыққа үндейтін тәрбие орталығына айналды. Отанға деген шынайы сүйіс­пен­шілік сезі­мімен рухтанған шекарашыларымыз бейбіт күнде де ерлік істерімен көзге түсіп келеді.

Жауап қалдыру