Екі елге ортақ игі жоба

0
57

Еліміз әлемнің барлық мемлекеттерімен тере­зесі тең жағдайда достық және экономикалық қа­рым-қатынас орнатып, дамудың серпінді қа­дам­дарын жасап, стратегиялық ықпалды әріп­тес­тік нәтижесінде халық игіліне қызмет ететін ірі индустриялық жобаларды іс жүзіне асы­ру­да. Осы орайда, 2 миллионнан астам халқы бар Алматы облысы мемлекетаралық екіжақты тиімді ауқымды жобаларды жасауда шешуші рөл ат­қаруда. Оған көршілес Қытай Халық Рес­пуб­ликасы мен облыстың шекаралас болуы зор ықпал етуде.
Өткен бейсенбі күні Ал­ма­ты облысының Пан­филов ауданында Қытай Халық Республикасы деле­гациясының қатысуы­мен Қорғас өзенінің жоғары са­ғасындағы «Шұқыр­бұлақта» Қазақстан – Қытай елдерінің бірлескен жобасы бойынша сел ұстайтын бөгеттің (плотина) құрылысын бастау жөніндегі рәсімі салтанатты жағдайда өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Рес­публикасынан Ішкі істер, Сыртқы істер, Ауыл ша­руашылығы министр­лік­тері­нің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Алматы облысы әкімдігінің, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, «Казгидро», «Базис констракшн» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестіктерінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.
   Қытай Халық Республи­касы жағынан Су шаруа­шы­лығы, Сыртқы істер, Эко­логиялық орта министр­ліктерінің, Реформалар және даму ұлттық комитетінің, Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының басшылығы арнайы келді.
Екі ел арасындағы бірлескен жоба «Қорғас» шекара аймағы ынтымақтастығы ха­лықаралық орталығы­ның» нысандарын, қолда бар инфрақұрылымды және жақын маңдағы елдіме­кен­дерді сел және су тас­қыны қаупінен қорғауға ба­ғыт­талған.
Атап айтқанда, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының «Қорғас» селден қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру көзделген болатын. Осыған байланысты, бүгінгі күнге дейін 2 жоба әзірленді. Бұл орталық орналасқан аумақтағы Қорғас өзенінде селден қор­ғау құрылыстарын және «Қорғас» (Қорғас-1) кедені ғимараттарының құрылы­сын салу, «Қорғас» шекара аймағы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» учас­келеріндегі Қорғас өзені бойынша арнаны қалып­тастыратын және қорғау құрылыстарын, «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын, Басқұншы, Қорғас кент­терін және Алматы об­лысының Панфилов ау­данындағы (Қорғас-2) шекара заставаларын салуға арналған.
2013-2018 жылдар ара­лығында Қорғас – 1 жобасы бойынша жағаны нығайту бөгеті, технологиялық және кірме жолдар, пат­рульдік-тракторлық жол, Қорғас өзенінің бүйірін­дегі құ­ры­лыстарды тұрақ­тан­дыратын құрылыстар салынды. Негізгі құрылыс Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан «Шұ­қырбұлақ» (Алмалы) сел ұстайтын бөгеті са­луға бағытталмақ. Ал, үс­ті­міздегі жылы Қорғас – 2 жобасын іске асыру бас­тал­ды. 2017 жылғы 8 маусымда Қазақстан Рес­пуб­­­ликасының Үкіметі мен Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сының Үкіметі арасында Қорғас өзенінде «Шұң­қырбұлақ» (Алмалы) бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының заңында ратификацияланған болатын.
Жобаның жасалуына Же­тісу Алатауының шығыс беткейіне орналасқан мұз­дықтардың еруінен 60-тан астам тау көлдерінің пайда болуы негіз болған. Егер сол мұздықтар еріген жағдайда Қорғас өзені бойындағы мемлекеттік нысандарға, елдімекендер мен оның тұрғындарына сел қаупін тудыруы мүмкін. Тау басындағы көлдердің 40-қа жуығы Қазақстанға, ал 20-дан астамы қытай аумағына қарасты екенін айта кеткен жөн.
Шара барысында ең алдымен жиналғандарды «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бастығы Тоқтар Баймолдаев салынатын бөгеттің жобасымен жан-жақты таныстырды. Басшының айтуы бойынша бөгеттің суды өткізу мүмкіндігі секундына 200 текше метр болмақ. Бөгеттің сыйымдылығы – 10 миллион текше метр. Алып құрылыстың биіктігі 50,7, ал ені 246 метрді құрайды.
Екінші кезекте ел қауіп­сіздігі бағытында қыз­мет ететін «Шұңқыр­бұлақ» сел­ден қорғау бөгетінің қа­зы­ғын қағу рәсімі басталды. Онда екі елдің Мемлекеттік Әнұрандары орындалды.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин, ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюебинь, ҚР Ауылшаруашылығы ми­нистрінің орынбасары Е. Нысанбаев, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашев, Шыңжан өндірістік құрылыс аймағы партия секретарының орын­басары Кун Синлдун сөз сөйледі.
Одан кейін қос ел өкіл­де­рінің қатысуымен селден қорғау бөгетінің іргетасын қалау шарасы жаса­лып, патриоттық ән­дер­ден мерекелік концер­т ұйым­дастырылды. Со­­ны­мен, көр­шілес екі ел ара­сын­дағы тағы бір жо­баның құрылысы өмірге жол­да­ма алды. Ендігі жерде ол тек ел игілігіне қалтқысыз қыз­мет ететіндігін тілейміз.
Осыдан бір күн бұрын Райымбек ауданындағы Сүм­бе өзеніндегі су торабын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған болатын. Өзен көршілес екі арасында орналасқан. Бөгет құрылысын «Шыңжан хоңиюан» құры­лыс тобы жүргізді. Су торабы құ­ры­­лысын қаржылан­дыру­ды қос тарап тепе-тең ат­қар­ды. Ондағы атқа­ры­латын жұ­мыс­тар толық компьютер­лен­діріл­ген. Бөгет суының жар­тысын Сүмбе ауылдық округінің 5 мың­нан астам тұрғыны мен осы аймақтағы 318 шаруақожалық пайдаланатын болады. Бұл шараға да арнайы делегаттар қатысты.
Сонымен, көршілес екі ел арасындағы тағы бір жобаның құрылысы өмірге жолдама алды. Ендігі жерде ол тек ел игілігіне қалтқысыз қызмет ететіндігін тілейміз.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ,
«P&H
Талдықорған – Қорғас – Талдықорған

Жауап қалдыру