Еңбек – таразы, халық – қазы

0
62
bty

Еңбекшіқазақ – Алматы облысындағы ірі аудан. Қойнауы – құт, елі – жайсаң  бұл  өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жалпы облыстың ғарыштап алға басуына сенімді үлес қосуда. Шымын тартсаң, шырыны, түгін тартсаң түбіті  шығатын  ырысты жерде бүгінгі күні заман талабына сай кешенді ауыл шаруашылық, өндірістік кәсіпорындар, шағын және орта  бизнес салалары нәтижелі жұмыс істеуде.
Аудан дамуының әрбір кезе­ңінде айқын мақсат қойып, оған жетудің нақты жолдарын белгілеп,  халықты оны орын­дауға жұмылдыру –  баршамыз үшін міндет. Осыған орай, аудан көлемінде мәслихат депутаттарының белсенділігін арттыру, олардың жергілікті тұрғындармен байланысын нығайту, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бағытындағы жұмыстары уақыт талабына сай жүргізілуде.  Соның негізінде мәслихаттың, мәс­лихат аппаратының және мәс­лихат жанындағы тұрақты ко­мис­сиялардың жұмысын ба­рын­ша ықпалды түрде атқару басты назарға алынған.
Иә, халық қалаулысы болу – зор жауапкершілік жүктей­тіндігі сөзсіз. Халық қалаулы­ларының көпшілігі мекеме бас­шылары, сонымен қатар кәсіпкер азаматтар. Аудандық мәслихатқа жиырма үш округтен депутаттар сайланды. Ал­тын­шы шақырылымда аудан­дық мәслихат құрамы 60 пайызға жаңарды. Сөзіміздің дәлелі ретінде депутаттар корпу­сында  болашағынан мол  үміт күттіретін жас та болса, бас болған азаматтар баршылық.
Қазіргі таңда билікке деген сенімділіктің деңгейі нақты нәтижелермен тікелей байланыстырылатыны баршамызға аян. Осыған орай, аудандық мәслихат аппаратының жанынан арнайы ақпараттық жұмыс тобы құрылды. Олар жыл сайын елдімекендерге шығып, тұр­ғындармен «ашық  алаң» үлгісіндегі кездесулер өткізіп, түйіткілді  мәселелерді анықтап, оған талдау жасап, тиісті меке­ме­­лерге жүйелендірілген депу­тат­тық сауал жолдауды  қолға алып отыр.
Аудандық мәсли­хат депутат­тарының бағдар­­ламаларын бас­шылыққа ала отырып, алдағы 4 жылға арналған   мәслихаттың кешенді даму бағдарламасының жобасын әзірленді. Соның нәтижесінде өңір дамуының негізгі бағыттарын айқындауға,  осы мерзім ішінде алға қойған міндеттерді сенімді орындаумен қатар, оның сапасына да айрықша көңіл бөлінген.   Оған қоса, бүгінгі күні депутаттар халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың негізгі тұтқасы болғандықтан әрбір округтегі  негізгі мәсе­лелер тұрғындармен емес, сол ха­лықтың үмітін арқалаған мәслихат депутаттарының және жергілікті атқарушы органның ұсынысымен шешілуі белең алуда.
Атап айтқанда, «100 нақты қадам» –  Ұлт жоспары аясында құрылған жергілікті қауым­дастықтың атқарылған істерге  қосар үлесі мен қолдауы қо­мақты. Үшжақты сапалы әріп­тестік, іскерлік  қатынас ор­натудың негізінде туындаған  елеулі мәселелерді шешуге ық­пал етуде. Сонымен бірге, депу­таттарға арналған арна­йы ақпараттық әдістеме жаса­лып, оларды өз қызметіне пайдалануына жағдай жасалу­да. Мәслихат депутаттары не­гі­зі­нен халықпен тікелей бай­ла­ныста болатындығын ес­кер­сек, олардың жұмысын барын­ша ашық әрі қолжетімді болуы қадағалануда. Бұл халық пен билік арасын етене  бай­ланыстыруға, өзара сенім­ділік үлгілерін   қалыптас­тыруға жол ашады. Ал,   тұрақты комиссиялар аймақтағы негізгі  салаларды толық және сапалы қамти отырып, өз жұмысын жүргізуі ұдайы жаңарту үстінде.  Ал, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдауды тұрақты ұйымдастыру  халық пен билік арасындағы тетіктерді нығайтуға жасалған игі қадам.
Сессия – мәслихат қызме­тінің негізгі нысаны. Бұл тұрғыдан 2017 жылдың есепті кезеңінде аудандық мәслихат өз өкілеттілігінің шеңберінде  19 сессия өткізіп, аудан бюд­жетінің қалыптасуы мен атқарылуы, ауданымыздың саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени дамуына негізделген тиісті салалық бағдарлама­лардың жүзеге асырылуы тура­лы аудан әкімі мен орын­ба­сар­­ларының, мекеме, бөлім, бас­­қарма басшыларының есеп­­терін тыңдау нақты жолға қо­йылған. Және басқа әр­түрлі ма­ңызды мәселелерді қарас­тыра отырып, 92 шешім қабыл­дады. Оның ішіндегі 18 шешім жалпыға бірдей маңызы бар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты бол­ғандықтан облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, аудандық басылым беттерінде ресми түрде жарияланды.
Жалпы бүгінгі таңда қол­да­ныс­та мәслихат тарапынан қабылданған 23 норматив­тік-құ­қықтық акт бар. Сондай-ақ, сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерінің іске асыруына және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта жаңадан 4 тұрақ­ты комиссия құрылды. Олар­дың қызметін жаңа деңгей­ге көтеру мақсатында жүйелен­діру жұмысы жүргізіліп, нақты салалық бағыттарды қамтуға негізделді.    Олардың міндеті – сол ауқымды салаларды толық қамти отырып, нақты түйіткілді мәселелердің шешімін табуды жолға қою.
Бұдан бөлек, ауданымыздан сайланған облыстық мәслихат депутаттарының келісімдері бойынша жаңадан құрылған 4 тұрақты комиссияға бақылаушы ретінде енгізілді. Ендігі кезекте комиссияларда көтерілген әрбір мәселені шешу күрделілігіне қарай тек аудан деңгейінде ғана емес, облыс деңгейінде де депутаттар тарапынан сауалдар жолданатын болады. Оған қоса,  комиссияның жұмысы бо­йынша нақты мониторинг­тік сараптамалық жұмыс жүр­гізуге және ақпараттық қор құруға мүмкіндік туады.  Әр комиссияның жеке  жұмыс жоспарына сәйкес тізгін ұстаған азаматтар есеп беретін болады. Аталған комиссиялардың отырыстарында тек мәслихат сессиясында қаралуы тиіс күн тәртібіндегі мәселелер ғана емес, жергілікті атқарушы орган­дардың жұмысының тиім­ділігі мен олардың деңгейін анықтауға бағытталған есептері сараланып, ол жөнінде мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда тұрақты комиссиялардың жалпы 16 отырысы, оның ішінде 10 бірлескен, Есік қаласы мен Шелек, Ақши ауылдарында 3 көшпелі кеңейтілген көпшілік тыңдаулары өткізілді.
2016 жылы 46, ал 2017 жылдың 8 айында депутаттар 35 елді мекенді аралап,  тұрғындар тарапынан маңызды ұсыныс пен талап-тілектер жөнінде депутаттардың атынан аудан әкімінің атына сауалдар  жолдады. Аталған сауалдардың бір­қатары бірден шешімін тапқан болса, күрделі мәселелер алдағы 5 жылдың Даму жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды. Мәселен, Масақ округіне қарасты Нұрлы ауылын дамыту бойынша  жылына 3800 тон­на тауық етін өндіретін ірі құс фабрикасының құрылысы аяқталуда. Инвестицияның кө­лемі 1 млрд 800 млн теңгені құрап, фабрикада 120 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Кезекте тұрған азаматтарды жер телімдерімен қамтамасыз ету, бірқатар округтердің инфра­құрылымын жаңғырту, ішкі мигра­цияны реттеу шаралары  қабылданды. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында   Қорам мен Қырбалтабай ауылдық округтерінде инже­нерлік-коммуникациялық инф­ра­құрылымдарды салу  аяқ­тал­ды.
Қаражота ауылдық окру­­гіне қарасты Сарыбұлақ ауылы­­­ның 1600-ден астам тұр­ғы­нын ауыз­сумен қамтып отыр­­ған ұң­ғыма жөндеуден өткі­зіл­ді. Бұдан бөлек,   Есік қала­сын­дағы саябақты абаттандыру жұмыс­тары аяқталды. Ағым­дағы жылы аудандық мәдениет үйі мен аудандық әкім­дік алдындағы алаңдарда абат­тандыру жүмыстары жүргі­зілуде. Қаракемер ауылындағы жалға берілетін бір 20 пәтерлі тұрғын үй және осы үйлер үшін инженерлік-коммуникациялық құрылымдарының құрылысы жүргізілуде. Оған, бюджеттен 151 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазақстан ауылында ауылдық әкімдік аппараты ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Алға және   Жаңашаруа ауылында екі мектеп салынуда, Ал,  Шелек ауылындағы орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.  Денсаулық сақтау саласында   Алмалы мен Алға ауылдарында жалпы құны 262 млн теңге болатын жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізілуде.
Елбасының биылғы «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, «Мәңгілік ел» құрудағы еліміздің мақсатына қанат бітірген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламалары мен Жолдаулары сияқты маңызды саяси бағыттардың нәтижесінде  жүзеге асырылып жатқан нақты шаралар өзінің тиімділігін көрсетуде.

Бекет АХМЕТОВ,
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы.

Алматы облысы

Жауап қалдыру