Үдеден шығу –міндет

0
17

Таяуда Алматы қаласы Профессор Рузудиновтың Медициналық-стоматологиялық колледжінде «Еліміздің әлемдік дамудағы рөлі мен маңызы» тақырыбы аясында студенттер мен ұстаздар Елбасы Жолдауына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын колледждің тарих пәнінің ұстазы Бекбол Жәйырбектің баяндамасымен ашылды. Пікір алмасу, ой қосу форматындағы шарада студенттер – Айбар Халбаев пен Абылай Тасымханов жастардың кө­кейінде жүрген мәсе­лелерді қозғады.
Барлық саланы қамтыған Елбасы Жолдауында білім саласына ерекше көп көңіл бөлінуі, дәрігерлердің қыз­метінің тиімділігін арттырып, назарын тек науқасқа аудару мақсатында қа­ғаз­бастылықты азайту көзделуі қуантады. Ең алдымен ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуы қамтамасыз етілмек. Осы секілді басқа да маңызды жоспарлар мен тапсырмаларды колледж ұстаздары, медицина қызметінің мамандары студенттерге кеңінен түсіндіріп, жастармен өз ойларын бөлісті.
Колледж студенттері 2019 жылды «Жастар жы­лы» деп жарияланғанын жылы қабылдады. Жастар жылы аясында мемлекет тарапынан жастардың мәселесіне аса назар аударылып, жастарға қатысты (жа­тақхана, жастарды жұмыс­пен қамту және т.б) мәселелер шешімін таппақ. Еліміздің рухани жаңғыруы жас азаматтардың барынша, оң нәтиже беретіндігін сеніммен айта аламыз. Бі­лімді ұрпақ қалыптастыру, бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы – келешекке қам­данудың әрекеті деп түсі­неміз.
Елбасының «Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Бірі­міз – бәріміз үшін, бәрі­міз – біріміз үшін» деген қағиданы біз де берік ұс­тайық, ағайын!» – деп бар­шамызды оқу-білімге шақыруына лайықты жауап қайтарып, міндет үдесінен шығалық.

Қарлыға САҒЫНБАЕВА,
Профессор Рузуддиновтың медициналық
стоматологиялық колледжінің
кітапханашысы,
Мәнтай АСЖАНОВА,
«Жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық
және әлеуметтік- экономикалық пәндер»
бөлімінің меңгерушісі

Жауап қалдыру