Далалық машық деңгейі арттырылады

0
43

23-ақпан күні Астана өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу полигонында әскерилердің оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды. Бұл тактикалық оқу жаттығуына әскери бөлімшелер құрамалары жұмылдырылды.
Мұнда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізу тәжірибесі айқындалды. Тақырып қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларынан туындап отыр. Бүгінде әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаң­кестік және сепаратистік ұйым­дардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыз­дандырылуының елеулі қауіп-қатері туындауда. Сондықтан «Айбалта-2016» оқу-жаттығуын өткізу әскер­лердің далалық машығының деңгейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ арнайы операцияларда әртүрлі ведомствоаралық топтамаларды құру және қолдану мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Оқу-жаттығудың ортақ ниеті Әуе қорғанысы күштері, Шекара қызметі және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылда арнайы операцияларды дайындау және жүргізуді шыңдау. Осының нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтама­лардың соққысымен тойтарыс беріледі. «Айбалта» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы 26-ақ­панға дейін өтеді.

Думан КҰрманҒалиев

Жауап қалдыру