Дайындығың қалай, оқушы?

0
36

Бүгін соңғы қоңырау күні. Мектепті қимас сезіммен бітірген қаншама түлектер үлкен өмірге қанат қағады. 11 жыл бойы алған білім мен біліктерін де сынайтын ҰБТ-ға да санаулы күндер қалды. Үлкен өмірдің алғашқы сынағы саналатын бұл емтиханға түлектер ұзақ дайындалды. Ендігі кезек сол дайындықты пысықтау, оқып-жаттаған дүниелерді бір қайталау. Олай болса бізде түлектер назарына ҰБТ-ға толық дайын болу үшін жылдам қайталау техникасын ұсынамыз.
1. Дайындықты жоспарлау. Кез келген сәтті іс нақты жоспардан басталады. Сондықтан уақытыңызды тиімді бөліп арнайы жоспар құрыңыз. Бұл жоспарда таң ертең ұйқыдан қанша уақытта тұратынызбен, түскі ас ішу мен қайталу арасындағы тынығуларға дейін енгізіңіз.
2. Бірінші қиыны. Қайталауды әрдайым өзіңіз нашар білетін сабақты оқудан бастаңыз. Дайындық пен демалысты кезектестіріп отырыңыз: 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Демалыс кезінде белсенді қозғалуға тырысыңыз.
3. ҰБТ тестілерімен дайындалу. Өзіңізден үлкен ағаларыңыз бен әпкелеріңізден тест кітапшаларымен емтихан алуды сұраңыз. Бұл сіздің психологиялық дайындығыңды кү­шей­теді. Мұнан бөлек интернет сайт­тарындағы тестілерді орын­даңыз.
4. Қысқаша конспект дайын­даңыз. Өзіңіз білмейтін сұрақты тереңірек талдап, оны қағаз бетіне сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіріңіз. Егер естігеніңізді есте жақсы сақтайтын болсаңыз, оқыған конспектілеріңізді аудиожазба ретін­де жазып отырыңыз.
5. ҰБТ және қауырт дайындық. Емтихан жақындаған сайын көптеген түлектер қауырт дайындыққа кірі­седі. Қолына түскен тест кітап­ша­лары мен сұрақтарды қат-қабат жат­тап қиналғанын көресің. Бірақ бұл дайын­дықтың қате тәсілі. Психолог мамандар пікірінше мыйға үлкен қар­қындылықпен түскен ақпараттар сақ­талмайды және адам жадындағы ұқсас мәліметтермен шатасып бейса­налық қарсылық туады. Нәтижесінде ҰБТ-да оқушы жаттаған дүниесін ұмытып, не шатасып отыратыны осы­дан.

Жауап қалдыру