Бюджет басты бағытқа бұрылды

0
117

Кеше Алматы шаһар­ының басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен қалалық «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда бюджет шығынын оңтайландыру, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қаралды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Универсиаданы еске алайықшы, оңтай­лан­ды­ру­­­дың арқа­сында опера­­­ция­лық шығын­дар­дың өзі­нен ға­на 18 млрд тең­гені үнем­де­дік. Былтыр қала­ның көше­лерін, сая­бақтары мен сквер­лерін рекон­струк­ция­ла­ғанда қар­­жы­ның 40 пайызын үнем­дедік. Өткен аптада қа­ланы дамыту жөніндегі жо­­ба­ларды қараған кезде Есен­тай өзенінің жағалауын ре­­конструк­циялау жобасы оң­тайландырылды. Бұл жобаны алдымен ха­лықпен бірге талқылап, толықтырып, содан кейін ғана жүзеге асыру қажет. Біз қазірдің өзінде 3,5 млрд теңгені үнемдедік. Жалпы, бірқатар негізсіз шығындардан арылған жөн. Мысалы, Жеңіл атлетика манежінің құрылысы. Оны тағы бір рет мұқият қарап шықсақ, едәуір үнемге қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Алматы әкімі.
Үнемделген қаржы бұрын­­ғыдай қала тұрғын­да­ры­ның өтініштері негізінде әлеу­мет­тік мақсаттарға жұм­са­ла­­ды.

– Бүгін Алматы бюджеті әлеуметтік бағытқа негіз­делген, халықты әлеуметтік жағынан қамтуға бөлінетін қаржы жыл сайын өсуде. Партияның қалалық филиалы, «Нұр Отан» фракциясы мәслихатта түрлі әлеуметтік мәселелерді көтереді. Бар­лық ұсы­ныс­тар жергілікті ат­қарушы органдарда оң ше­шімін тауып, қалада ойдағы­дай жүзеге асуда. Мысалы, пар­тия фракциясы ұсыны­сының арқасында 2016 жылдан бастап балабақша төлемі 27 ден 15 мыңға төмендеді. Осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. 60 мың отбасы балабақшаға аз төлейтін мүмкіндік алды, – деді Бауыржан Байбек.
Қалада соңғы 4 жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен жеке бала­бақшаларда орын саны 3 есеге артып, 4,7-ден 15,5 мыңға өсті. Жалпы, бала бақшалардың орындарын субсидиялауға жыл сайын 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл цифр 3 жыл ішінде 2 есе өсті. Бұлардан өзге, көпбалалы отбасылардың 11 сыныпқа дейінгі балалары тегін тамақтанады және мек­теп формасымен қам­та­масыз етіледі. Мұн­дай қа­жеттіліктерге жыл сайын қала 800 млн теңге­ден астам қаржы бөлуде. Тұр­мысы төмен отбасы­лар­дың 4 мыңнан астам бала­лары­­ның тегін демалысы үшін жыл сайын бюд­жет­тен 230 млн теңге қарас­тырыл­ған.
Бауыржан Байбек сонымен қатар көпбалалы отбасы­лардың балабақша шығынын өтеуді ұсынды.
– Үйде мүгедек балаларды оқытуға кететін шығынды өтеу үшін берілетін өтемақы мен өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде берілетін бір реттік атаулы көмек көлемін ұлғайтуды қарастырған жөн. Егер отбасы көп­балалы бол­са, онда балаларды ба­лабақшаға орналастыру да қиын. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап ба­лабақшаға кететін шығын өтемақысын төлеу мәселесін зерттеу қажет, – деді Бауыржан Байбек.
Одан бөлек Алматы әкімі көп­балалы отбасыларға заң­намалық және психо­логия­лық кеңестер, реа­билитациялық көмек көр­сететін «Бақытты отбасы» орталығын құруды тапсырды. Бұл жалқы терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық болуы тиіс Осы арқылы көпбалалы аналар жұмысқа орналаса алады.
Бұдан өзге, мегаполис басшысы 4 және одан көп балалары бар отба­сылардың тұрғын үй алу үшін төленетін алғашқы жарнасының тө­лемін субсидиялау мүмкін­дік­терін қарастыруды тап­сыр­ды.

Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ

Жауап қалдыру