Бизнес пен билік: Көп жайды түйдік

0
35

«DAMU» индустриалдық-логистикалық орталы­ғында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың алаңын, бизнес пен билік арасындағы әріптестікті жақсарту мен проблемалық сұрақтарды шешу мақсатында Open Day шарасы өтті.
Алматы облысы Кәсіп­керлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлер мен атқарушы органдар арасында В2В кездесулер өткізудің маңыз­дылығына тоқталды.
– Осы жылдың қыркүйек айында аудан әкімі бизнес өкілдерімен кездесіп, сол кезде айтылған жеке мә­селелердің көпшілігі шешімін тапты. Энергоқуат­тылықтың жетіспеушілігі, инфрақұрылымды жеткізу сынды жүйелі мәселелерді әкімдік қатаң бақылауға алды, – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.
Сонымен бірге Палата басшысы кәсіпкерлерді заң жобаларын талқылау жиындарына, кеңесші-сағаттық органдардың жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Іле ауданы­ның әкімі Бағдат Қарасаев өңірдің әлеуметтік-экономи­калық даму жағдайы оң көрсеткіштерге ие екенін атап өтті. Оның көпшілігі бизнес өкілдерінің үлесінде.
– Іс-шараның форматына қарамастан, ең бастысы біздің бірлескен жұмысымыз атқарушы биліктің бизнеспен тиімді әріптестікті орнатуға бағытталған. Мемлекет бас­шысы өз Жолдауында кә­сіп­керлер мен мемлекеттік ор­гандар екіжақты жұмыс жүр­гізуіне, мәселелердің лез­де шешу қажеттілігіне на­зар аударды. Іле ауданы – облысымыздағы ең ірі өнеркәсіптік аудандардың бірі, белсенді іскерлік орта­лық болып табылады. Сон­дықтан да жан-жақты қолдау көрсетіп отыруымыз қажет, – деді аудан әкімі.
Бағдат Қарасаевтың сө­зінше, ауданда 250-ден астам ірі өнеркәсіптік компания және 3 қалақұраушы кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл өндіріліген өнер­кәсіптік өнім көлемі 285 млрд теңгені құрамақ. Бұл Алматы облысындағы жалпы өнеркәсіптік көлемнің 33%-ы.
Соңғы жылдары Іле ауданында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі байқалады. Бүгінгі таңда бұл секторда 30 мыңнан астам адам қызмет атқарады.
Open Day аясында Нариман Әбілшайықов пен Бағ­дат Қарасаев кәсіпкер­лерді жеке қабылдау өт­кізді. Кәсіпкерлер бизнесті дамыту мен кеңейту жолындағы кедергілерді айтып, әкімдіктің аудан дамуы жөніндегі жоспарымен танысты. Сондай-ақ, өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту жолындағы өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.
– Бүгін кәсіпкерлер пен билік өкілдері арасында емін-еркін және ашық әңгіме орын алды. Жергілікті биліктің бизнеске деген көзқарасы оң, жан-жақты қолдауға әзір екендерін жеткізді. Екіжақты диалог орнату арқылы кез келген мәселе жылдам және нәтижелі шешуге болады деп есепетеймін, – деді Өңірлік кеңес мүшесі, Іле ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Жанна Телпекбаева.
Сонымен бірге өңірлік па­лата пен аудандық әкім­дік бөлімдерінің басшы­лары кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы, салық қа­ты­настары, мелекеттік бағ­дар­ламаларға қатысу, не­сие­лендіру, мамандарды да­йындау және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру жүргізді.
– Кәсіпкерлер арасында заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтар, жобалар мен іс-шаралар туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыру өте маңызды. Мысалы, бизнес үшін кадр жетіспеушілігі өзекті тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында бюждеттік қаражат есе­бінен компаниялар өз­деріне қажетті мамандар­ды дайындай алады. Сон­дай-ақ жыл өткен сайын көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету үрдістері қысқартылып, онлайн режимге ауыстырылуда. Бұл кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы, – деді облыстық Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.
Асан БЕРДІҚҰЛ

Жауап қалдыру