Бизнес-қауымдастықтан кездесу

0
14

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесті. Кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіріп жүрген мәселелерді ортаға салды.
Нұрлан Ноғаев алдымен облыстағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағыт­талған жұмыстар жайында айтты. Өңірде 57 мың кәсіпкер шағын және орта бизнеспен айналысады.
– Мемлекет басшысы ша­ғын және орта бизнесті экономикамыздың драй­вері деп үнемі атап өтеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көп, несие беру бағдарла­малары, субсидиялау, грант­тар бар, олар жергі­лікті және республикалық бюджет­тердің есебінен жү­зеге асырылып жа­тыр, – деді Нұрлан Ноғаев. – Мемлекет ШОБ субъекті­лерінің санының көбеюіне мүдделі. Жергілікті атқа­рушы органдар өз тарапынан барлық қалау­шыларға қолдау көрсетуге, оқытуға, бастапқы капиталмен қамта­масыз етуге дайын.
Кездесуге қатысушылар монополистермен өзара әрекет, ауыл шаруашы­лы­ғын субсидиялау, жаңа өндіріс ашу, кәсіпкерлік саласын қаржыландыру бо­йынша проблемалар кө­терді.
Аймақ басшысы үш сағат бойы бизнес қауым­дастықтың сауалдарына жауап берді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жайы да айтылды.
Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы билік кәсіп­керлерге қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бастысы, бизнестің бірлескен жоба­ларға қатысуға қызы­ғушы­лығының болуы.
Айта кетейік, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2017 жылы: «Бастау Бизнес» жо­басы бойынша 750 адам­ды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 51 млн теңге, 137 адамға шағын несие беруге 840 млн теңге, шағын несиелерді кепіл­дендіруге – 97,6 млн теңге және операциялық шығын­дарды субси­дия­лауға – 9,1 млн теңге бө­лінген болатын. 2017 жылы барлығы 173 тұр­ғын­ға 900 млн теңгеге жуық несие берілді.
Аталған бағыт шең­берін­­де халықты несие беру тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыс­тары барлық ауылдық, кенттік округтарда мүд­делі басқармалар маман­дары­ның және қаржы ұйымдарының қатысуы­мен жүргізілді.
Биыл да көрсеткіштің жо­ғары болатынына се­нім мол.

Атырау облыстық
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жауап қалдыру