Біртектілік пен бірлік

0
136

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүл­ша­ра Әбдіқалықова жұмыс са­парымен Шығыс Қазақстан об­лысында болды.
Са­пардың бірінші күні Г.Әб­діқалықова «Қазақстан хал­қы­ның біртектілігі мен бір­лігі 100 нақты қадам контек­сінде» атты ғылыми-практи­калық кон­ференцияда құттық­тау сөз сөй­л­еп, әйелдер қауы­мымен кез­десті және бірқа­тар әлеу­мет­тік кешендерде болып қайтты.
Қазақстан Республикасы Кон­­с­ти­туциясының 20 жылдығына арналған ғылыми-практи­ка­лық кон­фе­рен­ция­ға Шығыс Қа­зақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Конс­титуциялық кеңесінің мү­шесі В.Малиновский, сондай-ақ ғалымдар, судьялар корпусы, құқық қорғау және қадағалау органдарының басшылары, этно­мәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушылар конституциялық құрылыс, этно­саралық қатынас сала­сындағы мемлекеттік саясатты іске асы­ру, қазақстандық патриотизм мен біртектілікті қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыс­тар, Қазақстан халқы Ассамблея­сының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» сынды кең ауқымды әлеуметтік жоба­ларын іске асыру, «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына енгізу туралы мәселелерді тал-қылады.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ әйелдер қауымымен: мәс­ли­хат депутаттарымен, биз­нес-қауымдастықпен, мә­де­ниет және білім беру мекеме­лері, қо­ғамдық ұйымдар басшы­ларымен кездесті. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға әйелдер қауымының атсалысуын жандандыру, әйел­дер кәсіпкерлігін қолдау, мем­лекеттік және қоғамдық басқару ісіндегі әйелдердің үлесін арттыру, отбасылық-демог­ра­фия­лық саясатты дамы­ту мә­селелері талқыланды.
Г.Әбдіқалықова пайдалануға биыл берілген облыстық Қан орталығында болды. Заманауи автоматтандырылған құрал-жабдықтар лабораториялық зерт­теулердің сапалы болуын және облыстың медициналық ұйымдарын жоғары сапалы қанмен қамтамасыз етеді. Орта­лықта жоғары білікті мамандар қызмет етеді: меди­циналық персоналдың 93 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие болса, 7 маман АҚШ-та, Германияда, Израильде, Ресейде, Польшада оқу курсынан өткен.
2014-2015 оқу жылының ҰБТ көрсеткіші бойынша облыстың ең үздік мектебі болған О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейде Мемлекеттік хатшыға ҰБТ қорытындылары, жазғы демалысты ұйымдастыру, оқу жылына дайындық бары­сы туралы ақпарат ұсы­ныл­ды, сондай-ақ «Түлек.kz» (түлек­тер), «Мейірім» (жетім­дерді қолдау), «Окно в мир» (инклю­­зивті білім беру) жоба­лары таныстырылды.
Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қа­тысқан азаматтардың отба­сылары­мен кездесті. Өскемен қа­ласының 19-тұрғын ауда­нында 2013 жылы «Жұмыс­пен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының үшінші бағы­тының 2-компоненті аясын­да салынған көппәтерлі тұрғын үйге 60 отбасы қоныс­танған. Оның ішінде эко­номикалық әлеуеті төмен елді мекендерден келген отба­сылар бар.
Облыстық тарихи-өлкетану мұ­ражайында Мемлекеттік хат­шы­ның назарына Қазақстан хал­қы Ассамблеясының 20 жыл­дығына, Қазақ­стан Респуб­ликасы Кон­сти­ту­ция­сының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойыл­ған экспозициялар, сон­дай-ақ «Қазақ елі: тарих, тағы­лым, тәуелсіздік» атты жылжымалы көрме ұсынылды.
Мемлекеттік хатшы кезде­су­лер қорытындысы бойын­ша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.
Жұмаш БЕРІКБОЛ

Жауап қалдыру