Бағдарлама тиімсіздігі – баспана жоқтығынан

0
88

Павлодар облысында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! Серпін – 2050» бағдарламасы бо­йынша білім алған жастардың 47-сі немесе 70 па­йызы өз өңірлеріне кетіп қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы әлеуметтік-мәдени мә­селелер жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақ­ты ко­миссиясының отырысында облыстық білім бе­ру басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Алек­парова айтты.
– Аталмыш мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама өңірі­мізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыстағы жеті колледжде бес оңтүстік аймақтан 474 студент білім алады. Студенттер тегін баспана, шәкіртақы, қысқы және жазғы киім-кешекпен, сондай-ақ қыс­қы демалыс кезінде үйіне ба­рып-келуге жолақымен қам­тамасыз етіледі, – деді Сәу­ле Алекпарова.
Оның айтуынша, түлектер­дің алғашқы легімен 2017 жылы 67 адам оқу орнын аяқтаған. Бүгінгі таңда 40 адам немесе 59,7 пайызы жұ­мыс істеуде, үшеуі жоғары оқу орнында білім алуда, біреуі Отан алдындағы борышын өтеуде, тоғызы декреттік демалыста және 14-і еңбекпен қамтылмаған. Нәтижесінде түлектердің ішінен 14-і ғана немесе 21 пайызы Павлодар облысында қалған. Олар­дың ішінде 11 адам жұ­мыс­қа орналасса, үшеуі жоғары оқу орнында білім алуды жалғастыруда. Бесеуі Астана, Алматы, Ақтөбе қала­­ларында жұмыс істейді және біреуі әскер қатарына жіберілген. Жастардың өз өңірлеріне кетуіне баспа­на­ның жоқтығы себеп болып отыр. Биылғы жылы 174 адам техникалық және кәсіп­тік білім беру орнын аяқтайды. Түлектерді алып қалу мақсатында колледждің әкімшілігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­ма­­лар басқармасы, жас­тар бастамаларын дамыту ор­та­лығының өкілдері­мен, кә­сіп­керлер және жасотан­дықтармен кездесу өткізуде», – дейді Сәуле Алекпарова.

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА

Жауап қалдыру