Қазақ тілінің жайы қалай?

0
145

Елбасымыздың БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі жақсы жалғасын табуда. Парламентте «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақ тілінде депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен қазақ тілінің жайын сұрады.

ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке
Құрметті
Кәрім Қажымханұлы!
Бүкіл әлемге белгілі бол­ған­дай, биылғы жылы 27- қыр­күйекте ҚР Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Бас Ас­самб­леясында қазақ тілінде баян­дама жасағаны тарихи оқи­­ға ретінде бағаланып жа­тыр. Қазақ тіліндегі баяндама ха­­лықаралық алты тілге ауда­рылды. Экономикалық дағ­да­рыс күшейіп, бүкіл дүние дү­бір­леп тұрғанда әлемдік күр­делі мәселелерді кесімді де, ше­шімді түрде түйінін түйіп айту, әлемнің бүкіл мемлекет бас­шыларына құнарлы қазақ сө­зімен құйып айтудың бағасын еш­нәрсемен салыстыруға болмас…
Қазақ тілін бүкіл әлем тың­дады! Тәуелсіздігіміздің 24-ші жылында Елбасымыз қазақша жасаған баяндаманың себебін:
“Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін деп ойладым. Ары қарай жылжыта береміз. Мен әдейі солай жасадым. Сондықтан мен айт­қаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар солай сөй­лейді деп сенемін!”, – деп тү­сін­дірді.
Иә, қазақ тілін әлемнің 193 пре­з­иденті тыңдағаны – ұмы­тылмайтын сәт! Тіліміздің әлем­ге танылған күні Елба­сы­ның Қазақ хандығының 550 -жыл­дығына тамаша тарихи сый­­лығы болды деп білеміз!
Ал, енді мемлекеттіліктің сим­волы болып табылатын мемлекеттік тілдің Конституцияға сай дәрежеде дами беруі үшін тек Елбасымыздың ерекше ерлік еңбегіне ғана қарап, отыра беруге болады ма? Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен қо­ғам өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілде сөйлеген Президентімізден үлгі алуға тиіс.
Сол себептен, «Ақ жол» фрак­циясы Мемлекеттік тілдің Конституцияға сай болуы және Тілдер туралы Заңымыз бен Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасына сәйкес жұ­мыс­тарды іске асыру туралы Үкі­меттен мерзімаралық есебін беруді сұрайды.
Сонымен қатар, бұған мем­ле­­кеттік органдармен бірге сая­си партиялар мен қо­ғам­дық ұйымдар, әр қазақ­стан­дық өз үлесін қосуға мін­дет­ті. Әсіресе, БҰҰ-ның Қа­зақстандық үлгісі аталып жүр­ген Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзін көрсететін кез келді. Осылайша Елбасы бастамасын Қазақстандық Ассамблеямыз жал­ғастырып, Президентіміз айтқандай, “Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы” екенін іспен дәлелдейді деген сенімдеміз.
Өз тарапынан, “Ақ жол” пар­тиясы өзінің саяси бағ­дар­ла­масында да баса назар ау­дарғандай, Мемлекеттік тілі­міздің дамуына Елбасымызбен бірге еліміздің әрбір азаматын жеке үлесін қосуға шақырады.

Құрметпен,
«Ақ жол» партиясы
фракциясының
депутаттары

Жауап қалдыру