Қазақтілді сайттардың өз бағыты қалыптасып келеді

0
37

Кеше Астанада қазақтілді контентті дамы­туға арналған «QAZAQFORUM – 2018» конфе­ренциясы өтті, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты. Оның айтуынша, қазақтілді контенттің саны артып келеді. Ендігі мақсат – сол контенттің сапасын көтеру.
– Бүгінде қазақтілді сайт­тардың саны да, сал­мағы да артып келеді. Уа­қыт талабына сай өз ау­диториясын қалып­тас­тырған бәсекеге бейім порталдардың қарасы кө­бейіп жатыр. Осы қарқын жалғасса, мемлекеттік тілі­міздің мәртебесі өседі, – деді Д.Абаев.
Министрдің сөзіне қара­ғанда, бүгінде ақпараттық сайттар арқылы мем­лекеттің саясатын xалыққа жылдам жеткізуге мүм­кіндік бар. Мәселен, xалық Елбасының «Болашаққа бағ­дар: руxани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа­ла­ларының мағынасына тереңірек үңілді.
– Осындай ауқымды жұмысты атқарғандарыңыз үшін ақпарат және коммуникациялар министр­лігі атынан сіздерге ал­ғыс айтамыз. Әлем бір орын­да тұрған жоқ. Интернет түрлі бағыттар бо­йынша жан-жақты дамып жатыр. Сол себепті аудиторияға қызықты контент, оқырманға тартымды портал қалыптастыру – бүгінгі заман талабы. Қазір қазақтілді сайттардың өз бағыты қалыптасып келеді. Осы жайт көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінде нақты дерегі бар қысқа да нұсқа ақпарат құнды. Осыдан он жыл бұрын біз қазақтілді сайттар болса екен деп ойлатынбыз. Қазір ондай сайттар бар. Саны да аз емес. Енді, сол сайттардың сапасын арттыруымыз қажет, – деп атап көрсетті Д. Абаев
Жиынға қатысқан «Bala­pan» телеарна­сы­­ның директоры Мақпал Жұма­бай өз көрермен­деріне ма­ңызды бір ережені ұмытпау қа­жеттігін жет­кіз­ді.
– Бұл жерде журналистер отыр ғой. Өтініш, мына бір ақпаратты xа­лыққа таратсаңыздар. Ба­лаға 3 жасқа дейін телеарна көруге болмайды. 3 жастан 7 жасқа дейін 20-30 минут қана, 7 жастан 12 жасқа дейін 30-50 минуттың арасында, ал 12 жастан жоғары балаға бір сағатқа рұқсат етіледі. Бұны өте қатты қадағалау қажет. Себебі оның зардабы үлкен болады, – деді М.Жұмабай.

Жауап қалдыру