Қазақстанның 2017 жылғы айтулы жетістіктері

0
977

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты. Қазақ­станда халық саны 2017 жылғы есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті, 2016 жылмен салыстырғанда 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3%-ті құрады.
EXPO-2017 халықаралық көр­месі өтті. ЕХРО-2017 Қа­зақ­­­станның негізгі ірі жоба­ларының бірі. Көрме бары­сында Астанаға 2,1 мил­лион адам келген. Темір жол бекет­терінің қызметіне сұ­ра­ныс – 60 пайызға, әуежай қыз­­­ме­тіне – 70 пайызға, туристік опера­­торлардың жұмы­сына сұ­раныс 78 пайызға артты.
Биыл егемендік тарихында тағы бір рекордтық деңгейде астық жиналды. Оның жалпы көлемі 24 миллион тоннаға жуық. Таратып айтсақ, 17,9 млн тонна бидай, 3,3 млн тонна арпа қамбаға құйылды. Ал күріштің әр гектарынан 53,6 центнерден өнім алынып, рекорд жаңартылды.
Қазақстанда тұңғыш рет 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада өтті. Бұл расында мақтанарлық орасан зор тарихи оқиға десек болады. Өйткені Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиаданы өткізді. Қазақстан қоржынында 11 алтын, 8 күміс, 16 қоламен, командалық есеп бойынша екінші орынға табан тіреді.

Жауап қалдыру