Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүреді

0
34

2019 жылдың қараша айында Қазақстанда компьютерлендіру әдісімен халық санағы жүргізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты.
«Халық санағын 2019 жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отыр. Негізгі жаңашылдық –компьютерлендіру болмақ. Яғни, біз арнайы интернет-портал ашып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады. Сонымен бірге, санақ жүргізетін мамандар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, ЖСН сай келе ме, жоқ па — бірден тексеріліп отырады. Тың әдістің пайдасы зор», – дейді Руслан Дәленов.

Жауап қалдыру