Қазақстан Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеді

0
81

Қазақстан-Қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін алты ай шартты қамау мерзімін елімізде өтеп жатқан Сайрагүл Сауытбай ісін Талдықорған қаласында Көші-қон комитетінің жанынан құрылған комиссия 4 қазан күні қарап, босқын мәртебесін бермеу жайлы шешім шығарды. Бұл жөнінде оның қорғаушысы Абзал Құспан мәлімдеді.
Ендігі кезекте қорғаушы Біріккен Ұлттар Ұйымынан Қазақстанға нота жіберуін сұрауда. Себебі, бесінші қазан күні шешілген үкімде адвокат болмаған. Бірақ, «Сайрагүлдің мемлекеттен кетуіне жол бермеймін», – дейді. Биыл тамыз айында Алматы облысының Пан­фи­лов аудандық соты Сауыт­байды Қазақстан шека­расын заңсыз кесіп өтті деп айыптап, алты ай бас бостандығынан айы­руға, бірақ оны «жазасын жеңіл­дететін ерек­ше жағ­дайына» байла­ныс­ты шартты жазаға алмас­тыруға үкім кескен. Сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған. Ал Сайрагүл Сауытбайдың сот кезінде берген куәліктері Қытайдың Шыңжаң айма­ғындағы «саяси тәр­бие лагерлері» туралы ақпа­ратты ашуға себеп болған.
Қуанышы қойнына сый­май тамыз айында ғана сот залынан бостандыққа шыққан Сайрагүл Сауытбек қазір Алматы облысында тұрып жатыр. Күйеуі кәсіп­пен айналысып, екі ба­ласы мектепке де орна­ласқан. Бірақ, ата жұрты Қазақстанның саяси бас­пана беруінен бас тартады деп ойламаса керек. Себебі, алты ай шартты мерзімін елімізде өтейтінін естігенде әр қазағым жалғызым деп шуласқан қандастарына алғы­сын бірдірген еді.
«Мен өзімнің жалғыз еместігімді түсіндім. Соған мен сенгем», – дейді әділеттілікке Сайрагүл Са­уыт­бай. Босқын мәрте­бесін беру-бермеу шешімі Сайра­гүлдің қорғаушысының көзінше өтуі тиіс болыпты. Алайда, «комиссия мүше­лері тым кеш хабарла­ғандықтан бара алмай қалдым», – дейді қорғаушы Абзал Құспан. Комиссия мүше­лерінің қатарында БҰҰ-нан екі адам, Денсау­лық сақтау, білім беру са­ла­сы мен әлеуметтік қорғау өкілдері және ұлттық қауіпсіздік пен көші-қон коми­тетінен мамандар бол­ған. Бәрі облыстық дең­гейдегі мамандар дейді қор­ғаушы. Бірақ, бесінші қазан күні тым аяқасты құрылған комиссияның әре­кетіне әлі де түсіне алмай отыр.
«Аяқасты өткізулеріне қарағанда, мені қатыстыр­мау­ларына қарағанда аяқ­асты оқыс оқиға болып қалғанға ұқсайды. Бұған енді Қытай мен Қазақстан арасында шұғыл келісім ба басқа бірдеңе болғанға ұқсайды. Сол себепті бас тартып жатыр деп өзім жорамалдаймын», – дейді Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан. Оның үстіне, осыған дейін босқын мәртебесін алу Сирия мен Ауғанстаннан келген азаматтарға қара­ғанда Қытайдағы қазақ­тарға қиындай түсетінін де жасырмады. Оған себеп тарихта алғаш рет соттан бо­сатылған Сайрагүлден соң хабарласушылар саны көп дейді. Бүгінде екі мыңға жуық адам көмек сұрапты. Бәрінің үміттері үзіліп, Са­уыт­байдан кейін үміті қай­­та оянған қандастар дей­ді.

Асан ШАҢБАЙ

Жауап қалдыру