Қазақ әліпбиінің жобасы бекітілмек

0
86

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 қазан күні Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назар­­баев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жо­басы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тап­қанын атап өтті.
– Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шы­ғару қажет. Комиссия жұмы­сын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жас­тар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

Жауап қалдыру