ҚАЗАҚҚА ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КЕРЕК ПЕ?

0
27

Турасын айтар болсақ, бұл саясаттың қазаққа түкке керегі жоқ. Ол тек қазаққа ғана емес, кез келген халыққа қауіпті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы сая­сатты ойлап тапқан Батыс қазір осының зардабын тартып отыр. ХХ ғасырдың басында «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегінде философ Освальд Шпенглер осы жайлы « …күзде солатын гүлге» теңеп анықтама берген. Гендерлік саясат арқылы «еркек пен әйелді тең құқылы жасадық», – деп әлемге жар салған Еуропа елдері қазір бармақтарын шайнап, өкініп отыр. Бұл саясаттың «жемісін» кез келген Еуропаға барған адам көре алады. Көшеде жас бала жоқтың қасы, қаптаған түріктер, негрлер мен сығандар, жергілікті халық саусақпен санарлық. Өсім жоқ.
Осы саясатты қабылда­ма­ған Қытай, Үндістан, көрші­міз Өзбекстан, тағы басқа ел­дер адам санынан тапшы­лық көріп отырған жоқ. Хал­қы­мыздың таби­ға­ты­н­да өкі­­нішке қарай, әсершілдік, өзге жұрттан көргенімізді пай­да-зия­нына қарамай сол қалпы қабылдайтын әдет бар. Мәселен, арақ ішу, темекі тарту, есірткі заттарын пай­далану, қыздарымыз тізеден жоғары сандарын жалтыратып жүретін қысқа көйлек кию сияқты салтымызда жоқ келеңсіз нәрселерді тез үйре­ніп ала қойдық.
Ол аз болғандай қасиетті Құранға қарсы шығып, гендерлік саясатты елден бұ­рын қабылдай салдық. Қаси­етті Құран Кәрімнің 4-сүресі Ниссаның 33-аятында «Ер­кек­тер әйелдерді билеу­ші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды… Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсы­ну­шылар, Алла қорғауға бұ­йыр­ған кө­мескі нәрселерді (абройын) қорғаушылар десе, 31-аятта: «Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбек­терінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тие­сісі өзіне тән» деп соқырға таяқ ұстатқандай айтып бер­ген. Демек әйелдер еркек­терден төмен екенін ұмыт­паулары керек. Құран кәрім­нен аттамайық! Қазір бізде әкесіз өс­кен балалар көп. Олар ер­кектің өмірде алатын ор­нын түсінбей өседі. Олар үшін еркек табыс көзі ға­на.
Осы Құран Кәрімдегі аятқа мән бермей қарсы шыққан елдерде демография өспей, құлдырауда. Оның нақты мы­салы бізде 1991 жылдары Қазақстан халқының саны орта есеппен 17 500 мыңның үстінде болса 2017 жылы
18200 мыңға жуықпыз. Сонда 26 жылда небәрі 700 мыңға көбейіп, жылына
27 мыңға ғана өскенбіз. Оның сыртында ажырасу көп. 2011 жылы 160500 некенің 57400 жанұясы ажы­расқан.
Ал 2016 жылы қаңтарда ажырасу жағдайына байланысты сотта 279 мың іс қарал­ғаны жайлы karavan.kz сайтында көрсетіліпті.Осы­дан қазақтардың өсу көр­сеткішінің өте төмен екенін кө­реміз. Мұның сыртында қазір бізде еркек мінезді әйел­дер пайда болды. «Еркектерсіз де өмір сүре аламын деп сотқа арыз берсе сот «мырзалар» еркексіз-ақ сыртынан ажыратып, алимент кесіп бере береді. Бұл бізде матри­архат­тық пиғылдың ба­сым еке­нін білді­реді. Егер сот; «Еркегің рұқсат бер­ме­се ажы­рас­пай­сың, ал оның ке­лі­сімінсіз ажырасатын бол­­саң ажыратымын, бірақ али­­мент алмайсың» десе ол әйел ажыраспас еді.Сон­да күйеуінің келісімінсіз ажырасады, оның сыртында одан ақша талап етеді. Сон­да балаға әке керек емес, ақша керек. Баға алмаса неге ажырасады? Ешқандай ло­гикаға сыймайды. Меніңше бұл заңды қайта қарау керек. Бұл осы атың өшкір гендерлік саясаттың бізге берген «жемісі».
Елімізде 2016 жылғы көр­сеткіш бойынша 9 миллион 128 мың әйел бар. Осы­лардың алтыдан бірі туатындар деп алсақ, бір жылда 1521 мың бала дүниеге келу керек. Шын мәнінде бізде бір жылда 1 миллионнан артық бала туылу мүмкіндігі бар.
Ал көрші өзбектердің саны осы 26 жылда 32 миллионнан асып отыр. 1 миллиард 300 мың халқы бар Қытай соңғы жылдары хал­қының өсуі тоқтап қалған соң әйел­дерге бұ­рынғы бір баланың орнына екі бала тууға рұқ­сат берген. Со­ның нәти­жесінде Қытайда бір жылда 18 миллион бала туған. Бұл мемлекеттің бас­шылары мен депутаттары х­алқының өсуіне зор көңіл бөлуде екенін көрсетеді. Атамыз қазақ қыз баланы осы гендерлік сая­сат­сыз-ақ сыйлай білген. Қыз баланы төрге отырғызу, оған дауыс көтеріп сөй­лемеу, қызды оң жаққа шығару,үлкен адамның жолын кеспеу, олар­ды сыйлау, келін болуға жең­гелері арқылы тәрбиелеу сон­дай-ақ «қыз – елдің көркі», «Әйел – балалардың анасы, отба­сының шамшырағы» деп қадірлеп өсірген. Осындай тәрбие алған қыздар ешқашан ажыраспаған және қазақта ажырасу болмаған. Ал қазір құдай оның бетін ары қылсын, қыздардың пейі­лі жақсы емес. Тұрмысқа шық­пай тіпті мектеп жасында бала туу, туған сәбиін көшеге және әжетханаға тастап кету, ата-енесі мен туған әке-шеше­сін сыйламайтындар жетіп ар­тылады.

2017 жылы өткен бүкіләлемдік экономикалық форумда Қазақстан гендерлік теңдік индексі бойынша 52-ші орынға табан тіреді. Зерттеу бойынша еліміздегі өндіріс саласындағы әйел басшылар 29,6%, денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы әйел басшылар 47,6%-ға жеткен.

Ал әйел адамдардың қыз­мет істеуіне ешқандай қарсы­лық жоқ. Бірақ, олар өздері­нің негізгі міндеті ұлттың са­нын көбейтіп, қазақтың бола­шағын ойлау екенін ұмытпаулары ке­рек. Ұлттың өсуі үшін кем де­генде төрт бала табуы керек. Ал қызмет істеп жүрген әйелдердің көбі баласыз және 1 немесе екі ғана баласы бар. Үш-төрт баласы бар мемлекеттік қызметкер әйелдер саусақпен санарлық. 2017 жылы 1 қаңтарда мемлекеттік қызметкерлердің ара­сын­да әйелдер 55,5 пайыз деген «қуанышты» хабар ес­тідік. Бұған қуанудың орнына қайғыру керек. Демек, осын­шама әйелдер демогра­фияға үлесін қоспай отыр деген сөз. Бұл қазақтың өсуін тоқтатудың төте жолы. Сондықтан қа­зақ­тың өсуін ойлаған үкімет қыз­метке кем дегенде үш-төрт баласы барларды алуды жүзеге асыруы керек және арнайы заң қажет. Ұлттың болашағы жеке адам­ның бас пайдасынан артық екенін ұмытпайық. Ондай заң адам құқығын кемсітуге жатпайды және мемлекеттің ішкі жұмысы. Қытай сияқты 2 баладан кем болмасын дегендей бізде де әйелдер кем дегенде 3-4 балалы болуы керек деген заң қабылдаса оның несі айып?! (Денсаулығы көтермейтін әйел­дер жетімдер үйінен бала асырап алсын, ол басқа мәселе) Сонда қызмет істегісі келген әйелдер бала туу жайлы ойланар еді. Осы орайда бала туған ана­ларға деген үкіметтің көз­қарасы дұрыс болмай отыр. Қазақтың болашағынан ақша аяған осы бізде ғана. Әрбір жаңа туған балаға кемінде 1 миллион, екі балаға екі миллион деп баланың санына қарай ақша төлесе әйелдер еш­кімнен ақыл сұрамай-ақ бала тууға ынталары артар еді. Менің таңғалғаным, депу­таттар мен шенеуніктердің ай­лығын көбейткенде бірде-бір Мұхтарша «жепутаттар» мен шенеуніктер; Мұғалімдер мен дәрігерлер 60-90 мың айлық алып жатқанда, бала туыл­ғанда берілетін көмек ақша мәз болмай тұрғанда мынауымыз ұят деп, бірде біреуі сөз айтпады.(Байдың асын байқұс қызғанды демеңдер). Ал демография жөнінде мүлде сөз қозғаған емес. Демек, олар халықтың болашағы емес, өз бастарының қамын көп ой­лайтындығын білдіреді.
Рас, кейбір мықтылар тоқал жайлы мәселе қозғап жүр. Жалпы тоқал сөзінен қорықпау керек. Тарихқа қарасақ, тоқал­дан туған кейбір рулар халық­тың санын көбейтіп отыр. Мы­салы Дулаттар Жарық­шақ­тың Бибібәтима деген тоқа­лынан туып, өсіп-өнгендер екенін барлық қазақ біледі. Басқа да рулар осы тоқалдан туғандардан тараған. Данышпан Абай атамыз да тоқал­дан туған. Тоқалдар қазақты жо­йылып кетуден сақтап қал­ған дана аналар. Та­рихта қа­зақтан көп қырыл­ған ха­лық жоқ. Анау жоң­ғар шап­қын­шылығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және 1921 сондай-ақ 1931-33 жыл­ғы қолдан жасалған ашар­шы­лық,1937 жылғы репрес­сия мен 1941-45 жылғы фашис­тер­мен болған соғыс кезінде қазақ­тың кем дегенде 7-8 миллиондайы қырылды. Сонда да чукча сияқты жойылып кетпеді. Себебі аталарымыз төрт-бестен әйел алған.
Олар кемінде 4-5 баладан туып, қазақтың жойылу қаупінен аман сақтаған. Осыны біле тұрып тоқал деген сөзге кір келтіруге болмайды. Әйелдер осыны түсінулері керек. Шамасы келгендер алсын. Сон­да қытай, араб, зәңгі сияқты шетелдіктерге бай­ға шығатын қыздар азаяды. Қытай мен зәңгіні көбейт­кенше бір қазақтың көбейгені дұрыс. Гендерлік саясат қазақтың болашағына қауіпті екенін кезінде Светлана Жалмаған­бе­това мен Айгүл Соловьева да айтып, мәселе көтерген. Бі­рақ өкінішке қарай қолдау тап­­пады. Менің ойымша, осы ген­дерлік саясатты қайта қа­рау керек. Әйелдерге күш көр­­се­туші, намысына тиетін бі­рен-саран еркектер кездесе­ді. Ондайлар бүкіл қазақ үшін көр­сеткіш бола алмайды жә­­не олар үшін арнайы заң бар емес пе?
Сондықтан балалы аналар­­ға ақшалай көмекті көбейтуді, үйден қысылғандарға кезексіз үй бергізуді жүзеге асыру керек. Қызметтің барлық түріне аларда 3-4 және одан да көп балалы аналарға басым­дылық берейік. Болашақта қазақтың өсіп-өнуі негізгі мәсе­ле екенін ескеріп, кешігіп қалмай тұрғанда осы мәселені басшы­лық­қа алайық, ағайын!

БеркінӘКЕБАЕВ,
республикалық «Алтын қалам» әдеби байқауының жүлдегері.

Жауап қалдыру