ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені

0
142

Университет ұғымын елестеткенде, әр қазақстандықтың ойына ең бірінші келетіні – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Өйткені бұл жоғары оқу орны бай тарихымен, білім, ғылымдағы жетістіктерімен, түлектерінің жемісті қызметімен жақсы танылған. Қазіргі таңда еліміздегі ЖОО-ның қарашаңырағы саналатын оқу ордасында 18 мыңнан астам студент білім алады.
ҚазҰУ 2016 жылдың қоры­тын­дысы бойынша QS рейтинг агенттігінің үздік университтеттер тізімінде әлемнің 250 университетінің қатарына кірді. Бұл оқу орнының еліміздегі ғылыми-технологиялық және инновациялық потенциалы бо­йынша сөзсіз көшбасшы екен­д­ігін танытып тұр. Әсіресе «мате­матика» мамандығының сту­­дент­терінің деңгейі өте жо­ғары екендігін айта кеткен жөн.
Әлемнің жетекші универитеттерімен ынтымақтастық ор­натқан ЖОО-да қос дип­ломдық бағдарламалар табысты жүзеге асуда. Жыл сайын мыңнан астам шетелдік студенттер білім алып және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ҚазҰУ-ды таңдайды. Биылғы оқу жылында ғана 24 америкалық студент өз білімдерін шыңдауда.
Университеттің «ғылыми-тех­нологиялық паркін» ерекше атап өтуге болады. Ол шын мәнінде студенттерге бизнес сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Технопарк ісін бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кең қызмет түрлерін көрсетеді. Айталық семинарлар, тренингтер, конференциялар, курстар мен басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өтеді. Заманауи әдістемелер бойынша жас кәсіпкерлерге бағыт сілтеп, бизнесті жүргізу бойынша кеңестер береді.
Технопарктің негізгі бағыт­тары:
Оқыту және тренингтер;
Техникалық жарақтандыру;
Жобаларды ілгерілету;
Консалтингтік қызметтер.
ҚазҰУ өз студенттеріне сапа­лы білім ұсынып қана қой­май, қоғамдық өмірдің белсенді қатысушысы болуға да шақы­рады. Бұнда пікірсайыс клубтары, бизнес-кейстер шешу, ағылшын тілі курстары секілді қоғамдық шаралар студент­терді жан-жақты білімге баулиды. Сон­дықтан білімге құмар жас­тар үшін «ҚазҰУ – мүм­кін­дік­тер мекені»

Олжас ТӨРЕҚҰЛОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті

Жауап қалдыру