ҚазҰПУ ҰЖЫМЫ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ

0
47

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көр­ме – әлем алдында мемлекетіміздің мәртебесін асқақ­татып, мүмкіндіктерін  паш ететін  маңызы зор жоба. Білім мен ғылымға бет бұрған мұндай алып шара ел тарихында  бұрын-соңды болған емес. Көрме шағын және орта бизнесті өркендетіп, Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс беруде.
«Болашақ энергиясы» тақы­ры­бындағы халықаралық көр­ме қазіргі таңда адамзат үшін энер­гетикалық ресурс­тарды тиімді пайдалану проб­ле­ма­сы­ның өзек­­тілігін айқын­дай­ды.
ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отырған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көр­месінің өз жұмысын бас­та­ға­нына да бір жарым ай болыпты.
Осы күнге дейін халықаралық көрмені тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған ше­телдік қонақтар мен отандас­тарымыз келіп-кетуде, қазір де келушілердің саны үзілер емес.
Қазақ білімінің қарашаңыра­ғы – Абай атындағы Қазақ ұлт­­тық педагогикалық универ­си­тетінің ұжымы да Астана төрін­де салтанат құрған «ЭКСПО-2017» көрмесіне іс-сапарға жол­дама алып, 25 шілде күні ұжым­ның алғашқы легі елор­даға табан тіреді.
Ұжымды көрмеге апару университет ректоры, профессор Такир Балықбаевтың тікелей қолдауымен жүргізіліп, іс-сапар шығындары университет қаражаты есебінен төленді.
«ЭКСПО» көрмесіне жолдама алғандардың қатарында уни­в­ерситетте ұзақ жылдар бойы ерен еңбектерімен ерекше­ленген ұстаздар қауымы мен қыз­мет­керлері және де оқуда озат, қоғамдық өмірде белсенді білім алушылар болды. Атап айтқанда, университетіміздің арда­гер-ұстазы, педагогика ғы­лымдарының докторы Күләш Ораз­­бекова, тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты, профессор Мұ­рат Сембинов, «Жоғары оқу орны­ның үздік оқытушысы» (2014 ж.) атағының иегері, геогра­фия ғылымдарының докторы Бахадурхан Әбдіманапов, Халық­аралық қатынастар кафед­­­расының меңгерушісі, саяс­и ғылымдарының докторы, про­­­­­фес­­сор Жомарт Симтиков, Бас­­­тауышта оқыту педагоги­ка­­сы мен әдістемесі кафед­ра­сының  мең­герушісі, педагогика ғы­лым­­дарының докторы, про­­фес­сор Әзия Жұмабаева жә­не т.б.
Көрмеге барған университет ұжымын Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі әріптестеріміз жылы қабылдап,  Студенттер үйіне жайғастырды.
Келесі күні белсенділер тобы халықаралық көрмені тама­шалауды Қазақстанның Ұлт­тық павильоны орналасқан «Нұр Әлем» сферасынан бастады. Еліміздің  салт-дәстүрі, мәде­ниеті, тарихымен қатар «жасампаз энергияның» үздік жобаларын ұсынған бұл павильоннан абайлықтар үлкен әсер алды.
Одан әрі университет ұжымы Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания сынды дамыған мемлекеттердің жасыл технологиялар бойынша ұсынған инновациялық жобаларымен танысты.
Қысқамерзімді болса да тағы­лымы мол танымдық сапардан рухани азық алған әріптес­теріміз университет басшылығына шек­сіз алғыстарын білдірді.
«Жақсыны – көрмекке» дегендей,  жақында университет белсенділерінің тағы бір легі  халықаралық көрмені тамашалау үшін аттанбақ.
Тағы бір айта кететін жайт, уни­верситетіміздің ғылыми-пе­да­­­гогикалық қауымы мен бел­­сенді жастары «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыруға өзін­­дік үлесін қосуда. Атап айт­қан­­да, Ұлттық павильонның «Болашақ энергиясы» экспозиция қатарында Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық уни­верситеті «Теориялық және тәжі­рибелік физика» ғылы­ми-зерттеу институтының «Көмір­сутектік газ қоспасын бөліп алуға арналған құрылғы» атты жобасының орналасуы универ­ситетіміздің мәрте­бесін асқақ­татып, әлемдік ғылыми қауым­дастықтың қызығу­шы­лы­ғын оятты. Бұл жоба  кө­мір­сутекті газ қоспасын тасымал­дау, өңдеу және пайдалану барысында экология­лық қауіптерді төмен­детуге бағыт­талған. Жоба жетекшісі – физика-математика ғылым­дарының докторы В.Н.Косов. Бұдан басқа көрмеде универ­ситетіміздің 20 студенті ерік­тілер қатарында ел игілігіне қыз­мет жасауда.
Сорбонна-Қазақстан инс­ти­­туты «Халықаралық қа­ты­нас­тар», «Менеджмент» маман­дықтарының магистранттары Сорбонна Париж Cитэ  уни­верситетінің ұйымдас­тыруымен «Астана EXPO-2017» – Франция павильонына  «Болашақ энергиясы» франкотілдес жастар жобалары конкурсы аясында  «Экологиялық қалалық көлік идеяларын дәріптеу», «Жасыл технология: су және ауаның өндірілуі», «Текелі қаласының «эко-қала» ретінде пайда болуы» тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарын ұсынды. Ауқымы кең, маңызы зор  шара  университет ғалымдарының ғылыми ізденістерге деген ынталарын оятып, жаңа бастамаларға серпін берді.
Қазақстанның әлемдік арена­дағы беделін биіктететін бұл тарихи оқиға – еліміздің еңсе­лілігін, мемлекетіміздің мы­ғымдығын, ұлтымыздың  ұлы­лығын ұлықтайтын Ұлы Жо­ба!

Жанатбек  ІШПЕКБАЕВ,
Абай атындағы
 ҚазҰПУ-нің
тәрбие ісі жөніндегі проректоры,
профессор.

Жауап қалдыру