Астаналық әйелдер Варшава саммитінде

0
58

9-11-маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Н.Әбдіқалықовамен қатар Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бастап барған елордалық делегация Польша астанасы Варшавада өткен жыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты. Биылғы саммит «Әйелдер – сандық технологиялар дәуірінде инклюзивті экономиканы құру үшін» тақырыбымен өтті. Шара 70 елден келген 1 мыңнан астам табысты кәсіпкер және саясаткер әйелдердің басын қосып, олардың беделді алаңда өз тәжірибелерімен әрі пікірлерімен алмасуларына жағдай жасады.
Саммит шеңберінде Г.Әбдіқа­лықова Польша Республи­ка­сының ресми өкілдерімен бір­қатар кездесу өткізді. Мәсе­лен, Польша Сенатының вице-спикері М.Коцпен кездесу барысында Қазақстан және Польша парламенттері қос пала­таларының өзара ынты­мақ­тастық топтары әріптестігі парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа серпін беретініне назар аударылды.
Бұл саммит мемлекеттік және жеке өмірдің барлық салаларында тиімді дамуға қол жеткізудегі жаңа креативті ойлармен алмасу мүмкіндігін бере алатын аса маңызды іс-шара.
«Бүгінгі таңда бизнестегі басшы әйелдердің үлесі 42 пайызға жетіп отыр және бұл көрсеткіш тұрақты түрде артып келеді. Астанада бұл үрдіс ШОБ саласында ерекше байқалады, сондықтан озық тәжірибені меңгеруге және жетістіктермен бөлісуге мүмкіндік тудыратын осы сияқты форумдарды өткізу өте орынды», – деп баян­да­ды саммит аясында өткен «Қа­лалардың болашағы» атты форумда Қазақстанды таныстыру барысында М. Бектұрова.
Астана әкімі орынбасарының Варшаваға сапары барысында Қазақстан Елшілігінің қол­дауымен Польша елорда­сының вице-президенті М. Ольшевскимен кездесу ұйымдас­ты­рылып, оның барысында Астана мен Варшава арасын­дағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың мәселе­лері тал­қы­ланды. Тараптар қала­лық әкім­діктер арасын­дағы серік­тестіктің ахуалы мен әлеуетін жоғары бағалады. Қаланы дамыту ісіндегі бай тәжірибені ескере отырып, 2020 жылға дейінгі арнайы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы келісімге келді. Сонымен қатар, осы құжат экономикалық және инвестициялық серіктес­тікті дамытуға бағытталған шараларды қамтитын болады. Алдағы уақытта Варшавада өткізілетін НАТО Саммиті аясында поляк тарапы ірі халықаралық шараларды жоғары деңгейде, соның ішінде ЭКСПО –2017 өткізу бойынша Астананың тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.
М. Бектұрова Польшаның Даму министрлігінде өткен кез­десуде поляк бизнес өкіл­деріне Астананың инвести­циялық шарттары мен басымды жобалары туралы баяндап берді. Бұл кездесу Қазақстан Елшілігі үстіміздегі жылдың мамыр айында ұйымдастырған Польша Даму Вице-министрі Р. Домагальс­ки-Лабэндзки және Астана қаласының Әкімдігі ара­сындағы келіссөздердің жал­ғасы болды. Семинарға Қа­зақ­станда жұмыс істейтін және ынтымақтастыққа қызы­ғу­шылық танытып отыр­ған Польшаның 18 компаниясы қа­тыс­ты. Кездесу қоры­тын­ды­лары бойынша тарап­тар Польша­ның құры­лыс клас­терімен белсенді ық­пал­дастық орнатуға уағда­ласты, сондай-ақ тұрғын-үй ком­­муналдық шаруа­шылық, бала­малы энергетика, ауыл ша­руа­шы­лығындағы қайта өңдеу және көлік-логистикалық жоба­лары бойынша ынтымақ­тастық мүмкіндіктерін зерделеу туралы келісімге қол жеткізді.
«Астана Медиа Пресс»
ақпараттық агенттігі

Жауап қалдыру