Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ: Көлегейлі экономикаға — тиімді тосқауыл

0
52

Биыл 200 млрд теңге қаражат бюджетке қосымша түсетін болады

Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов көлегейлі экономиканы жою үшін қан­дай шаралар қабыл­дана­тын­дығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шындығында да Қытай Халық Республикасы дерек­терімен айырмашылық 6,9 млрд долларды құрайды. Оның 3,3 млрд долларын Қазақ­стан арқылы шетелге өтетін транзит құрап отыр. Қытай тарапы оны Қазақстан экспорты ретінде көрсетеді. Бұл Ресей мен Қытай ста­тисти­калары арқылы дәлел­­ден­ген.
1 млрд доллар – бұл Қазақ­стан азаматтарының «Қор­ғас» ШЫХО арқылы елімізге әкелген тауарлары. 2,6 млрд доллар – бұл шынымен де дек­ларациялық құнын төмен­дету. Бюджеттің бір жылда жо­ғалтатын қаражаты 205 млрд теңгені құрайды», – де­ді Қаржы министрі.
Әлихан Смайылов мұнша қаражаттың бюджетке түспей қа­луын болдырмау үшін нақ­ты жұмыстар жүргізіліп, ке­шенді шаралар қолға алын­­ғанын айтты. «Біріншіден, Қазіргі уақытта қытай тарапымен декларацияны электронды түрде алу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Екін­шіден, жүктерді Қазақстан ше­ка­расындағы көлік-логис­ти­калық орталықтарда тиеу мәселесі талқылануда. Сол жер­де кедендік бақылау жүр­гізілетін болады.
Үшіншіден кеден органдарында ситуациялық орта­лық­тар құрамыз. Олар бізге бұл мәселені түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қорытындысында кеден бөлігінде бюджетке қо­сымша 200 млрд теңге түс­пек», – деді Әлихан Сма­йы­лов.

Жауап қалдыру