«Алтын жүрек» сыйлығына кім лайық?

0
38

5-қазан күні Алматы қаласында «Алтын Жүрек» сыйлығына үміткерлер анықталды. Биыл барлығы 300 өтінім келіп түскен.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 12 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. Қайырымдылық сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр.

Аталмыш шара жылсайын «Baurzhan» қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «ПетроКазахстан» АҚ және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек» қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін танытып келеді. Бес ай бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеді.

– Жыл сайын ұйымдастырушылар комитеті қайырымды адамдар жасайтын тарихтың куәсі болады. Байқасаңыз, алтын жүректі адамдардың қатары толып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Жыл сайын қоғамға пайдасын тигізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың жанайқайына құлақ асып жүрген жандардың арқасында үлкен жұмыс атқарылып келеді. Біз өз кезегімізде осы көмекті жүзеге асыратын қайырымды адамдарға алғыс білдіруден шаршамаймыз! – дейді жоба жетекшісі Гүлзат Сахова.

Алтын жүрек атына лайық үміткерлерді саралау барысында барлық келіп түскен өтініштер ішінен 4-қазан өткен сарапшылар кеңесінде әр номинация бойынша үш үміткерден анықталды:

  1. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы: «Damiani» зергерлік бренді (Италия), Ольга Батутина мен Илья Байбулатов (Мәскеу қаласы, РФ), Виктория Акатьева-Костылева (Санкт-Петербург қаласы, РФ).
  2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы: Ельдар Абдразаков (Алматы қ.), Асылбек Кожахметов (Алматы қ.), Samsung Electronics Central Eurasia (Алматы қ.).
  3. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы: Роза Алимханова (Қарағанды қ.), Айнур Тажина (Астана қ.), Имангазы Ибатулы (Атырау қ.).
  4. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы: АО Транснациональная компания «Казхром» (Ақтөбе қ.), Сейдахмет Калтаев (Жамбыл обл, Тараз қ), Сырым Пердебаев (Қарағанды обл, Приозерск қ.)
  5. 5. «Жыл ұйымы» номинациясы: «Харекет» ҚР (Алматы қ.), «Дети Рисуют Мир» ҚҚ (Алматы қ.), «Рахат» АҚ (Алматы қ.).
  6. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы: «Tengrinews» жаңалықтар порталы (Алматы қ.), «КТК» телеарнасы (Алматы қ.), «www.bestdoctor.kz» медициналық порталы (Астана қ.)
  7. «Жыл меценаты» номинациясы: Алпамыс Шаримов (Орал қ.), Багдат Самидинова (Алматы қ.), Сергей Глушков (Шығыс Қазақстан обл., Шемонаиха ауданы, Первомайский кенті)
  8. 8. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы: Марал Итегулов (Ақтөбе қ.), Александр Винокуров (Алматы қ.), Арман Машимов (Шығыс Қазақстан обл., Семей қ.)
  9. «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы: Айжан Скакова (Алматы қ.), «Тазалық» экологиялық жобасы (Алматы қ.), «Теле 2 Қазақстан» компаниясы (Алматы қ.)
  10. 10. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы: Анар Ахметцина (Ақтөбе обл., Кенкияк ауылы), Андрей Савчук (Астана қ.), Гульнар Кабылбекова (Алматы обл., Үштөбе қ.)
  11. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы: Булат Утемуратов (Алматы қ.), Александр Касицын (Павлодар қ.), Кайрат Кудайбергенов (Алматы қ.)
  12. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы: «Смелость быть первым» корпоративтік қоры (Алматы қ.), Нуржан Альжанова (Алматы қ.), «Шинхан Банк Казахстан» АҚ (Алматы қ.)

Шараның маңыздылығы жайында ғалым-медик және Америка Денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі Алмас Шарман да айтып өтті.

– «Алтын жүрек» сыйлығымен биыл бірінше рет танысып, үлкен тарихына үңілу мүмкіндігі туып отыр. Бұндай жобалар өте қажет, себебі олар адамдарды игі істерге қанаттандырып, қоғамды алға қарай жылжытатын мықты күш. Өзім қайырымдылықпен айналысатын болған соң, бұндай жобарлар маған өте қызық. Жалпы, барлық номинацияларды қарастырып, Денсаулық сақтау саласындағы жасалған қайырымды істер көңілімнен шықты, – деп айтып өтті Алмаз Шарман.

Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділ-қазылар мүшелігіне қазақстандық қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында саясаткер Расул Жұмалы, «Mary Kay Kazakhstan» Бас директоры Константин Кулинич, бизнес-ханым, қоғам қайраткері, қайырымдылық жобаларының авторы, балаларға арналған «Үй ошағының сиқырлы ертегілері» ертегілерінің авторы Виктория Моминбаева, «Ecо Kultura» ҚК жетекшісі, әлеуметтанушы Алеся Нугаева және т.б бар.

Бұндай қайырымдылық сыйлықтың қоғамға берері көп екендігін Қоғамдық кеңес мүшелері біріңғай айтып өтті.

– Қазіргі таңда қоғамда адамдар арасында жылулық мен қамкорлық сиректеп барады. Осы мәселелерді қарастырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарт адамдар мен ардагерлерге көмектесіп жүрген адамдарды анықтап алып, оларға құрмет  көрсету, менің ойымша, өте дұрыс. «Алтын жүрек» сыйлығы – философиясы мен қағидалары жетілген, адамдар арасында насихаттауға тұрарлық мән-маңызы бар үлкен жоба, – деп есептейді жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2018 жылы 27 қазан  күні отандық жұлдыздар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Алматы қаласында марапатталатын болады.

Томирис Керімқұлова 

Жауап қалдыру