Алматы облысы мен Иранның БАҚ өкілдері өзара тәжірибе алмасады

0
116

27-сәуірде Талдықорғанда Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Маңызды құжат алты бағыт бойынша жүзеге асады деп жоспарлануда.
Біріншіден, БАҚ өкілдері, блогерлер арасында екіжақты тәжірибе алмасу, шеберлік дәрістер және кәсіби білік­тілігін жоғарылату үшін халық­аралық конференциялар, сим­позиумдар, семинар-тре­нингтерге қатысу және өткізу көзделуде.
Екіншіден, Ұлтаралық және дінаралық шиеленісті жоюдағы оң тәжірибені қолдану арқылы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, құжаттың тағы маңызды бөлігінің бірі туризм саласына бағытталған. Аясында екі елдің тарихын, өнерін, мәдениетін, көрікті жерлерін таныстыру жағы қарастырылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда Иран Ислам Респуб­ликасының мәдени күн­дері өтіп жатыр. Қала­дағы Журналистер үйінде аталған елдің тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қонақтарға мәдени-демалыс экскурсиясын ұйымдастыру жоспарлануда. Шара аясында олар жаңадан бой көтерген нысандарды аралап, тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысады.

Самал ҚАБЫШЕВА

Жауап қалдыру